https://sputnik.kz/20230620/qazaqstan-daulardy-diplomatiyalyq-zholmen-sheshu-isine-belsene-atsalysuga-dayyn--prezident-36153507.html
Қазақстан дауларды дипломатиялық жолмен шешу ісіне белсене атсалысуға дайын – президент
Қазақстан дауларды дипломатиялық жолмен шешу ісіне белсене атсалысуға дайын – президент
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі геосаяси шиеленістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 20.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-20T12:09+0500
2023-06-20T12:09+0500
2023-06-20T12:09+0500
қасым-жомарт тоқаев
дау-жанжал
https://sputnik.kz/img/07e7/06/14/36137747_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d024f5cad4018b35340311cd27bba00e.jpg
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі геосаяси шиеленістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Әлемдегі түрлі саяси, экономикалық шиеленістер елімізді алаңдатып отыр. Әрине, барлық түйткіл халықтардың, болашақ ұрпақтың игілігі үшін бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Өздеріңізге мәлім, бұған дейін Қазақстан дауласқан тараптарды бітімге шақырды. Оларға келіссөз жүргізу үшін бейтарап алаң ұсынды. Еліміз дауларды дипломатиялық жолмен шешу ісіне белсене атсалысуға дайын", - деді Тоқаев Ақордада Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен өткен келіссөздерден кейін.Сондай-ақ кездесуде көлік-логистика байланысын күшейту мәселесі де талқыланған.Айтуынша, Қазақстан көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту қажеттілігіне баса назар аударады. Өйткені бұл саланың келешегі зор."Қазір Еуропа одағында Global Gateway стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында қолға алынған бастамаларға Қазақстан жобаларын енгізу мәселесі талқылануда", - деп мәлімдеді Тоқаев.Сонымен қатар кездесуде жасыл энергетика, аса маңызды шикізат, арнайы экономикалық аймақ, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қаржы және басқа салалардағы байланысты нығайту жолдары қаралды."Себебі бұл бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға мол мүмкіндік бар. Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту туралы пікір алмастық. Қорытындылай келе, Штанмайер мырзамен келіссөздер нәтижелі болды. Ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін", - деді Қазақстан президенті.Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/14/36137747_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_a81752a8dbdb817dc096379bd4404c19.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, дау-жанжал
қасым-жомарт тоқаев, дау-жанжал
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі геосаяси шиеленістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Әлемдегі түрлі саяси, экономикалық шиеленістер елімізді алаңдатып отыр. Әрине, барлық түйткіл халықтардың, болашақ ұрпақтың игілігі үшін бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Өздеріңізге мәлім, бұған дейін Қазақстан дауласқан тараптарды бітімге шақырды. Оларға келіссөз жүргізу үшін бейтарап алаң ұсынды. Еліміз дауларды дипломатиялық жолмен шешу ісіне белсене атсалысуға дайын", - деді Тоқаев Ақордада Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен өткен келіссөздерден кейін.
Сондай-ақ кездесуде көлік-логистика байланысын күшейту мәселесі де талқыланған.
"Бүгінде орта дәліз деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы артып келе жатыр. Біз мұны кездесу барысында ерекше атап өттік. Орта дәліздің негізгі бөлігі Маңғыстау облысы арқылы өтеді. Штанмайер мырза Батыс елдері басшыларының ішінде осы өңірге бірінші болып барғалы отыр", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Айтуынша, Қазақстан көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту қажеттілігіне баса назар аударады. Өйткені бұл саланың келешегі зор.
"Қазір Еуропа одағында Global Gateway стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында қолға алынған бастамаларға Қазақстан жобаларын енгізу мәселесі талқылануда", - деп мәлімдеді Тоқаев.
Сонымен қатар кездесуде жасыл энергетика, аса маңызды шикізат, арнайы экономикалық аймақ, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қаржы және басқа салалардағы байланысты нығайту жолдары қаралды.
"Себебі бұл бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға мол мүмкіндік бар. Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту туралы пікір алмастық. Қорытындылай келе, Штанмайер мырзамен келіссөздер нәтижелі болды. Ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін", - деді Қазақстан президенті.
Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.