https://sputnik.kz/20230620/qaragandyda-dauyldan-zardap-shekken-balaga-ush-ota-zhasalady-36174652.html
Қарағандыда дауылдан зардап шеккен балаға үш ота жасалады
Қарағандыда дауылдан зардап шеккен балаға үш ота жасалады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 маусым - Sputnik. Қарағандыда қатты жел кезінде ойын алаңында зардап шеккен балаға бірнеше ота жасалады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау... 20.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-20T20:00+0500
2023-06-20T20:00+0500
2023-06-20T20:00+0500
қарағанды облысы
дауыл
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/18/15833681_0:148:2849:1751_1920x0_80_0_0_e9088c9d426f72c7303afa5f914c744d.jpg
АЛМАТЫ, 20 маусым - Sputnik. Қарағандыда қатты жел кезінде ойын алаңында зардап шеккен балаға бірнеше ота жасалады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Қарағанды облысының бас нейрохирургия Ғабит Махамбаевтың айтуынша, баланың ауруханаға келгендегі жағдайы өте ауыр болған.Балаға толық диагностика жасалады, енді бірнеше ота қажет."Сынған маңдай сүйегін орнына қоямыз, бет сүйектері сынған, оған да ота жасалады. Төменгі жақ сүйегін орнына қойып, жоғарғы бет сүйегін бекітеді. Оң қолының сынған сүйегін де қалпына келтіреді. Біраз уақыт емделеді, бірақ баланың болашақтағы денсаулығы менің ойымша жақсы болады", - дейді Ғабит Махамбаев.Ал зардап шеккен екінші баланың жағдайы жақсы, өміріне қауіп жоқ, дейді дәрігерлер.Еске сала кетейік, 19 маусымда Қарағандыда қатты соққан дауылдан ойын алаңындағы жасанды төсеніш ұшып кетіп, ойнап жүрген балаларға қауіп төндірді.
https://sputnik.kz/20230619/qaragandyda-balalar-alanynda-zardap-shekken-eki-balanyn-biri-zhansaqtau-boliminde-zhatyr-36128622.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/18/15833681_159:0:2691:1899_1920x0_80_0_0_da7ab77539b521e08fed4f797985348e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, дауыл
Қарағандыда дауылдан зардап шеккен балаға үш ота жасалады
АЛМАТЫ, 20 маусым - Sputnik. Қарағандыда қатты жел кезінде ойын алаңында зардап шеккен балаға бірнеше ота жасалады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қарағанды облысының бас нейрохирургия Ғабит Махамбаевтың айтуынша, баланың ауруханаға келгендегі жағдайы өте ауыр болған.
"Бала ес-түсін толық білген жоқ. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Бірнеше травма алған. Баланың бет сүйегі мен қолы сынған. Қазіргі күні бала есін біледі. Демалу қабілеті жақсы. Бүгін ота жасауға дайындап жатырмыз", - дейді облыстың бас нейрохирургы Ғабит Махамбаев.
Балаға толық диагностика жасалады, енді бірнеше ота қажет.
"Сынған маңдай сүйегін орнына қоямыз, бет сүйектері сынған, оған да ота жасалады. Төменгі жақ сүйегін орнына қойып, жоғарғы бет сүйегін бекітеді. Оң қолының сынған сүйегін де қалпына келтіреді. Біраз уақыт емделеді, бірақ баланың болашақтағы денсаулығы менің ойымша жақсы болады", - дейді Ғабит Махамбаев.
Ал зардап шеккен екінші баланың жағдайы жақсы, өміріне қауіп жоқ, дейді дәрігерлер.
Еске сала кетейік, 19 маусымда Қарағандыда қатты соққан дауылдан ойын алаңындағы жасанды
төсеніш ұшып кетіп, ойнап жүрген балаларға қауіп төндірді.