Министр Астанадағы қамыс өртінің себебі жайлы: бәрі болуы мүмкін

© PhotoСтоличные пожарные продолжают тушение сухостоя
Столичные пожарные продолжают тушение сухостоя - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астана іргесіндегі қамыс өртіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қамыс өртінің неден тұтанғанын арнайы құрылған комиссия анықтайды. Әзірге бір нәрсе айту ерте.
"Бұл жерде фактор көп. Бәлкім, әлдекім темекі тартқан шығар, лақтырған бөтелкенің оптикалық әсері болар, қасақана өрт қойған да шығар. Бәрі болуы мүмкін. Ешкім кепілдік бере алмайды", - дейді Шәріпханов парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Журналистер өрттің қашан толығымен сөнетінін сұрады.
"Болжаммен бір апта немесе екі аптаға созылуы мүмкін. Бәрі сыртқы факторларға, біздің бөлімшелердің жұмысына және ауа райына байланысты", - деді министр.
Айтуынша, қазір жағдай тұрақты. Қамыс өртінің өршуіне желдің күшеюі әсер еткен.
Еске салсақ, 19 маусымда Астана іргесінде Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қамыс пен құрғақ шөп өртенді. Салдарынан қаланы қою түтін басып, дәрігерлер тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берген еді.
Жаңалықтар
0