Қоғам

Көпбалалы отбасыларға 170,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Жыл басынан бері орта есеппен 543,3 мың көпбалалы отбасыға жалпы сомасы 170,3 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді.
Соның ішінде мамыр айында 553,8 мың отбасы 34,8 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артты.
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2023
Отбасының цифрлық картасы: жәрдемақы төлеу тәртібі қалай өзгереді
Жаңалықтар
0