https://sputnik.kz/20230620/batys-ukrainany-qoldauda-tygyryqqa-tirkeldi-36366491.html
Батыс Украинаны қолдауда тығырыққа тіркелді
Батыс Украинаны қолдауда тығырыққа тіркелді
Sputnik Қазақстан
Батыс Украинаны әскери қолдау мәселесінде тығырыққа тірелгенін енді түсініп жатыр, деп жазды РИА Новости. 20.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-20T19:16+0500
2023-06-20T19:16+0500
2023-06-27T12:16+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/old/764/41/7644180_0:51:976:600_1920x0_80_0_0_f002d220128b6f0063ea084c08bba514.jpg
Батыс Украинаны әскери қолдау мәселесінде тығырыққа тірелгенін енді түсініп жатыр, деп жазды РИА Новости.Үміт артқан Украинаның қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырағанына Батыстың көзі жетті. Майдандағы жағдай шиеленіскен алғашқы күндері ахуалды шынайы бағалау қиындау болды. Бірақ қазір Украина Қарулы күштері бейтарап аумақта соғысып жатқаны, яғни Киев ресейлік қорғаныс құрылымдарының алғашқы шебіне жетпестен адамдар мен техниканың үлкен шығынына ұшырап жатқаны анықталды."Батыс майдан даласында мерт болған украиналық жауынгерлерді емес, ең алдымен қаражат және жеткізілген қару-жарақ түріндегі шығындарды есепке алып отырғаны белгілі", - деп жазылған материалда.Bloomberg хабарлауынша, жақын күндері Еуроодақ 50 миллиард еуро көлеміндегі Украинаға қаржылай көмектің кезекті пакетін жариялайды. Басылым мәліметінше, еуропалықтар жауапкершілік жүктейтін міндеттерден өздерін босатып, көмекті грант, жеңілдік кредиті немесе кепілдіктер түрінде ұсынады.Америкалықтардың ахуалы еуропалықтарға қарағанда біршама жақсырақ. Танымал америкалық миллиардер Дэвид Сакс бірнеше сағат бұрын жариялаған мақаласында украиналық қарсы шабуылдың сәтсіздігін ғана емес, Джо Байден әкімшілігінің тығырыққа тірелгенін де болжады.Осы уақыт ішінде АҚШ Украинаға 100 миллиард доллардан астам қаражат бөлді. Дегенмен қомақты сома Украина бағытында бей-берекет жұмсалды. Оның орнына америкалықтардың қазіргі күрделі ахуалын жеңілтеду бағытында кәдеге жарағаны дұрыс болар еді.Украинаны қолдау мақсатында жұмсалған қаражат қандай да бәр нәтиже берсе, миллиондаған доллардың текке бағытталмағаны да көңілге медеу болар еді. Бірақ әскери іс-қимылдар дала сындағы табыстың жоқтығы Украина Батыс үшін ресурсты сорып жатқан және ешқандай оң нәтиже әкелмей отырған "қара шұңқырға" айналғанын көрсетеді."Ресей поляктардың шекарасына жетуді көздемейтін түсінген Киев билігінің алаңдаушылығы басылды. Олар Батыстың қолдауымен Ресеймен ұзақ уақыт соғысуға дайын екендерін көрсетті. Бастысы – әскери қоодаудың тоқтап қалуына жол бермеу керек", - деп жазылған материалда.Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба қақтығыс жалғасып жатқан кезде қару-жарақ тапшылығы үнемі болатынын мәлімдеді. Дегенмен уақыт өткен сайын өсіп жатқан Украинаның қарызы ешкімді алаңдатар емес. Себебі Украина билігі бұл қаражат Мәскеуді жеңгеннен кейін ресейлік репарациялар есебінен қайтарылатынын ашық айтады. Ал әлі күнге дейін жеңіске жетпеуіне жеткіліксіз қолдау көрсетіп отырған Батысты кінәлайды. Бірақ қақтығыс даласында мыңдаған украиналық жауынгер күн сайын қаза тауып жатыр.Батыс өзі қалаған кез келген уақытта Украинаны қолдауды тоқтата алар еді. Бірақ Ақ үй мен либералды атлантикалық элита Украинаға көп үміт артып отыр. Сондықтан олар кері шегіне алмайды. Оның үстіне АҚШ—та президент сайлауы жақында келе жатқан шақта мұндай қадамға бару іпті ақылға қонымсыз болар еді. Өйткені бұл Демократиялық партя үшін қымбатқа түсетін нағыз масқараға айналар еді.Дэвид Сакс та көптеген сарапшы секілді Ауғанстандағы жағдайды еске салды. Себебі ауған жерінен америкалықтар бүкіл әлем алдында ұятты кейіпте кеткен еді. Бірақ 20 жыл ішінде ауған науқаны әлемнің назарынан тыс қалған ақпараттық аяға айналды. Оның тығырыққа тірелгені және одақтастардың ол елден кететіні белгілі болатын. АҚШ-тың өз әскерін елден әкетуі емес, оның логистикалық тұрғыдан тым нашар орындалуы аамерикалықтардың беделіне нұқсан келтірген факт болатын. Сондықтан ол саяси емес, басымды түрде техникалық сипатқа ие.Ал Украинадағы арнайы әскери операция, Ресеймен текетірес тақырыбын Батыс бір жарым жылда әбден насихаттады. Нәтижесінде әлем назары әлі де Укрианада болып тұр. Бұл тақырыпқа қызығушылық бәсеңдеуі үшін 20 жыл болмаса да, бірнеше жыл қажет. Дәл қазір украин саясатын күрт өзгерту АҚШ пен Еуропа беделіне нұсқан келтіріп қана қоймай, бүкіл әлем алдында стратегиялық жеңілісін мойындауды білдірер еді.АҚШ қазіргі уақытта ғаламшардың әр алуан аймағында өз ықпалын бәсеңдете алмайды. Бұл америкалық үстемдікті одан бетер әлсіретеді.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/764/41/7644180_54:0:922:651_1920x0_80_0_0_ee53ba289f2eddb57c37487b4936492a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Батыс Украинаны әскери қолдау мәселесінде тығырыққа тірелгенін енді түсініп жатыр, деп жазды
РИА Новости.Үміт артқан Украинаның қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырағанына Батыстың көзі жетті. Майдандағы жағдай шиеленіскен алғашқы күндері ахуалды шынайы бағалау қиындау болды. Бірақ қазір Украина Қарулы күштері бейтарап аумақта соғысып жатқаны, яғни Киев ресейлік қорғаныс құрылымдарының алғашқы шебіне жетпестен адамдар мен техниканың үлкен шығынына ұшырап жатқаны анықталды.
"Батыс майдан даласында мерт болған украиналық жауынгерлерді емес, ең алдымен қаражат және жеткізілген қару-жарақ түріндегі шығындарды есепке алып отырғаны белгілі", - деп жазылған материалда.
Bloomberg хабарлауынша, жақын күндері Еуроодақ 50 миллиард еуро көлеміндегі Украинаға қаржылай көмектің кезекті пакетін жариялайды. Басылым мәліметінше, еуропалықтар жауапкершілік жүктейтін міндеттерден өздерін босатып, көмекті грант, жеңілдік кредиті немесе кепілдіктер түрінде ұсынады.
Америкалықтардың ахуалы еуропалықтарға қарағанда біршама жақсырақ. Танымал америкалық миллиардер Дэвид Сакс бірнеше сағат бұрын жариялаған мақаласында украиналық қарсы шабуылдың сәтсіздігін ғана емес, Джо Байден әкімшілігінің тығырыққа тірелгенін де болжады.
Осы уақыт ішінде АҚШ Украинаға 100 миллиард доллардан астам қаражат бөлді. Дегенмен қомақты сома Украина бағытында бей-берекет жұмсалды. Оның орнына америкалықтардың қазіргі күрделі ахуалын жеңілтеду бағытында кәдеге жарағаны дұрыс болар еді.
Украинаны қолдау мақсатында жұмсалған қаражат қандай да бәр нәтиже берсе, миллиондаған доллардың текке бағытталмағаны да көңілге медеу болар еді. Бірақ әскери іс-қимылдар дала сындағы табыстың жоқтығы Украина Батыс үшін ресурсты сорып жатқан және ешқандай оң нәтиже әкелмей отырған "қара шұңқырға" айналғанын көрсетеді.
"Ресей поляктардың шекарасына жетуді көздемейтін түсінген Киев билігінің алаңдаушылығы басылды. Олар Батыстың қолдауымен Ресеймен ұзақ уақыт соғысуға дайын екендерін көрсетті. Бастысы – әскери қоодаудың тоқтап қалуына жол бермеу керек", - деп жазылған материалда.
Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба қақтығыс жалғасып жатқан кезде қару-жарақ тапшылығы үнемі болатынын мәлімдеді. Дегенмен уақыт өткен сайын өсіп жатқан Украинаның қарызы ешкімді алаңдатар емес. Себебі Украина билігі бұл қаражат Мәскеуді жеңгеннен кейін ресейлік репарациялар есебінен қайтарылатынын ашық айтады. Ал әлі күнге дейін жеңіске жетпеуіне жеткіліксіз қолдау көрсетіп отырған Батысты кінәлайды. Бірақ қақтығыс даласында мыңдаған украиналық жауынгер күн сайын қаза тауып жатыр.
Батыс өзі қалаған кез келген уақытта Украинаны қолдауды тоқтата алар еді. Бірақ Ақ үй мен либералды атлантикалық элита Украинаға көп үміт артып отыр. Сондықтан олар кері шегіне алмайды. Оның үстіне АҚШ—та президент сайлауы жақында келе жатқан шақта мұндай қадамға бару іпті ақылға қонымсыз болар еді. Өйткені бұл Демократиялық партя үшін қымбатқа түсетін нағыз масқараға айналар еді.
Дэвид Сакс та көптеген сарапшы секілді Ауғанстандағы жағдайды еске салды. Себебі ауған жерінен америкалықтар бүкіл әлем алдында ұятты кейіпте кеткен еді. Бірақ 20 жыл ішінде ауған науқаны әлемнің назарынан тыс қалған ақпараттық аяға айналды. Оның тығырыққа тірелгені және одақтастардың ол елден кететіні белгілі болатын. АҚШ-тың өз әскерін елден әкетуі емес, оның логистикалық тұрғыдан тым нашар орындалуы аамерикалықтардың беделіне нұқсан келтірген факт болатын. Сондықтан ол саяси емес, басымды түрде техникалық сипатқа ие.
Ал Украинадағы арнайы әскери операция, Ресеймен текетірес тақырыбын Батыс бір жарым жылда әбден насихаттады. Нәтижесінде әлем назары әлі де Укрианада болып тұр. Бұл тақырыпқа қызығушылық бәсеңдеуі үшін 20 жыл болмаса да, бірнеше жыл қажет. Дәл қазір украин саясатын күрт өзгерту АҚШ пен Еуропа беделіне нұсқан келтіріп қана қоймай, бүкіл әлем алдында стратегиялық жеңілісін мойындауды білдірер еді.
АҚШ қазіргі уақытта ғаламшардың әр алуан аймағында өз ықпалын бәсеңдете алмайды. Бұл америкалық үстемдікті одан бетер әлсіретеді.