Банк қызметкерлерін кепілге алған басқыншы 2 айға қамауға алынды

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗахват заложников в Kaspi банке
Захват заложников в Kaspi банке - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Астанадағы Kaspi банк бөлімшесінің қызметкерлерін кепілге алған Алихан Мурадов 2 ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алихан Мурадовты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген Астана қалалық сотының хабарламасында.
Еске салсақ, 18 маусымда Астанадағы " Kaspi банк" филиалын белгісіз біреу басып алды. Тапаншаға ұқсас зат ұстаған ер адам 7 адамды кепілге алып, бірнеше талап қойған. Күдіктімен келіссөз жүргізуге ІІМ басшысы Марат Ахметжановтың өзі келді.
Кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері бөлімшеге шабуыл жасап, банк қызметкерлерін босатты. Ал күдікті қолға түсті.
Прокуратураның ақпаратынша, 30 жастағы Әлихат Мұрадов 2013 жылдан бері есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр. Жамбыл облысының тумасы банктен кредит те алған. Екі рет қылмыстық іс бойынша күдікті болып танылған.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 261-бабы (Адамды кепілге алу) бойынша тергеліп жатыр.
Жаңалықтар
0