Астанада екі бірдей кран құлады

© Photo : СС0 / Capri23autoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Астана қаласында қатты желдің салдарынан екі мұнаралы кран құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдай Нұра ауданындағы құрылыс алаңында болған. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты өндірістік қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес, бір кран екіншінің үстіне құлап кеткен.
"18 маусымда шамамен сағат 19:50-де қолайсыз ауа райы – дауылды желдің салдарынан КБ-401 мұнаралы краны жанында тұрған КБ – 503 кранына құлаған", - дейді комитет мамандары.
Зардап шеккен адамдар жоқ.
Жаңалықтар
0