https://sputnik.kz/20230620/aqtauda-nemis-inzhenerlik-instituty-ashylady--ministr-36148078.html
Ақтауда неміс инженерлік институты ашылады – министр
Ақтауда неміс инженерлік институты ашылады – министр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ақтау қаласында Есенов университеті базасында алғаш рет неміс инженерлік институты ашылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім... 20.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-20T10:48+0500
2023-06-20T10:48+0500
2023-06-20T10:49+0500
саясат нұрбек
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26761002_0:131:3177:1918_1920x0_80_0_0_e7b7b2f97cf836ff704f4297e5b33038.jpg
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ақтау қаласында Есенов университеті базасында алғаш рет неміс инженерлік институты ашылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстанның 40 университеті Германияның 100 университетімен 178 шартқа қол қойған. Қырыққа жуық екі дипломды және алмасу бағдарламалары бар. Екі елдің жоғары білім саласындағы ең жарқын көрсеткіші – 2010 жылдан бастап Алматыда істеп тұрған қазақ-неміс университеті.Министр Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі ел арасында жеті келісімшартқа қол қойылатынын атап өтті."Бүгінгі келісімшарттар да өте маңызды. Жеті келісімшартқа қол қоямыз, оның ішінде Қазақстанның ғылым және жоғары білімі министрлігі мен Германияның ғылым және инновациялар министрлігі арасындағы жаңа келісімшарт бекітіледі. Бұл біздің ғылыми зерттеу институттарымызға Германияның, Еуроодақтың қолданбалы ғылыми гранттарына тапсыруға мүмкіндік береді. Бізге қосымша қаржыландыру көзін ашады", - деді Саясат Нұрбек Ақорда кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.Сондай-ақ Ақтау қаласында Есенов университеті базасында тұңғыш рет неміс инженерлік институты ашылады."Бұл үлкен бастама. Германия тарапынан сегіз университет қосылып жатыр, үлкен консорциум болады. Бүгін ең жетекші техникалық университеттермен қол қоямыз", - деді ғылым министрі.Айта кетері, Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді қарсы алды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26761002_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_c9f7f254265a58be74ea7621ccd617df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саясат нұрбек
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ақтау қаласында Есенов университеті базасында алғаш рет неміс инженерлік институты ашылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстанның 40 университеті Германияның 100 университетімен 178 шартқа қол қойған. Қырыққа жуық екі дипломды және алмасу бағдарламалары бар. Екі елдің жоғары білім саласындағы ең жарқын көрсеткіші – 2010 жылдан бастап Алматыда істеп тұрған қазақ-неміс университеті.
Министр Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі ел арасында жеті келісімшартқа қол қойылатынын атап өтті.
"Бүгінгі келісімшарттар да өте маңызды. Жеті келісімшартқа қол қоямыз, оның ішінде Қазақстанның ғылым және жоғары білімі министрлігі мен Германияның ғылым және инновациялар министрлігі арасындағы жаңа келісімшарт бекітіледі. Бұл біздің ғылыми зерттеу институттарымызға Германияның, Еуроодақтың қолданбалы ғылыми гранттарына тапсыруға мүмкіндік береді. Бізге қосымша қаржыландыру көзін ашады", - деді Саясат Нұрбек Ақорда кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Сондай-ақ Ақтау қаласында Есенов университеті базасында тұңғыш рет неміс инженерлік институты ашылады.
"Бұл үлкен бастама. Германия тарапынан сегіз университет қосылып жатыр, үлкен консорциум болады. Бүгін ең жетекші техникалық университеттермен қол қоямыз", - деді ғылым министрі.
Айта кетері, Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді қарсы алды.