https://sputnik.kz/20230620/almaty-oblysynda-myndagan-adam-suga-artyq-aqsha-tolegen--tekseristin-natizhesi-zhariyalandy-36136556.html
Алматы облысында мыңдаған адам суға артық ақша төлеген
Алматы облысында мыңдаған адам суға артық ақша төлеген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Алматы облысында прокурорлар бірнеше монополистің қызметін тексеріп, халықтан артық ақша жинағанын анықтады, деп хабарлайды... 20.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-20T09:10+0500
2023-06-20T09:10+0500
2023-06-20T09:10+0500
ауыз су
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/281/95/2819584_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_e5a3ed2d616276c37bce2d8c4b8a034a.jpg
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Алматы облысында прокурорлар бірнеше монополистің қызметін тексеріп, халықтан артық ақша жинағанын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Прокуратураның мәліметіне сәйкес, "BeyazhTrans" ЖШС әкімшілік аумақтың географиялық шекарасын бұзып, бірыңғай тарифті 9 бірдей ауылға тықпалаған. Атап айтқанда, Жамбыл ауданында – 1 округ, ал Қарасай ауданы бойынша – 8 округ.Осылайша Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының 30 мыңнан астам тұрғынының құқығы қорғалды.Бұдан бөлек, "Талғар Су" мекемесінің су тарифі де тексерілді. Сөйтсе, басшылар Талғар қаласы Бесқайнар Қотырбұлақ пен Қызыл-Қайрат ауылдарының су тарифіне каналды тазарту шығындарын қосып жіберген. Ол нысан мекеменің балансына да кірмейді."Аталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, нәтижесінде тариф текше метр үшін 5 теңгеге төмендетіліп, 65000 азаматтың құқығы қорғалды",- делінген ресми хабарламада.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/281/95/2819584_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_c1c919a4ff33d2542e33abaa4bfa2b0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыз су, алматы облысы
Алматы облысында мыңдаған адам суға артық ақша төлеген
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Алматы облысында прокурорлар бірнеше монополистің қызметін тексеріп, халықтан артық ақша жинағанын анықтады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Прокуратураның мәліметіне сәйкес, "BeyazhTrans" ЖШС әкімшілік аумақтың географиялық шекарасын бұзып, бірыңғай тарифті 9 бірдей ауылға тықпалаған. Атап айтқанда, Жамбыл ауданында – 1 округ, ал Қарасай ауданы бойынша – 8 округ.
"Сонымен қатар екі ауданның халқын сумен қамтамасыз ету үшін әртүрлі су көздері пайдаланылған. Жамбыл ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының түрғындарын сумен жабдықтау тарифі 50%-дан астам мөлшерге, яғни 41,73 теңге/м3-ден 26,23 теңге/м3-ге дейін төмендетілді", - дейді прокурорлар.
Осылайша Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының 30 мыңнан астам тұрғынының құқығы қорғалды.
Бұдан бөлек, "Талғар Су" мекемесінің су тарифі де тексерілді. Сөйтсе, басшылар Талғар қаласы Бесқайнар Қотырбұлақ пен Қызыл-Қайрат ауылдарының су тарифіне каналды тазарту шығындарын қосып жіберген. Ол нысан мекеменің балансына да кірмейді.
"Аталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, нәтижесінде тариф текше метр үшін 5 теңгеге төмендетіліп, 65000 азаматтың құқығы қорғалды",- делінген ресми хабарламада.