https://sputnik.kz/20230619/ustine-shkaf-qulagan-almatyda-damytu-ortalygynda-koz-zhumgan-bala-turaly-tyn-aqparat-shyqty-36116541.html
Үстіне шкаф құлаған: Алматыда дамыту орталығында көз жұмған бала туралы тың ақпарат шықты
Үстіне шкаф құлаған: Алматыда дамыту орталығында көз жұмған бала туралы тың ақпарат шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 маусым – Sputnik. Алматыдағы балаларды дамыту жекеменшік орталығында 6 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 19.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-19T16:31+0500
2023-06-19T16:31+0500
2023-06-19T16:31+0500
алматы
бала
шкаф
https://sputnik.kz/img/07e7/06/13/36114844_0:79:1501:923_1920x0_80_0_0_032286aa50a4efa8bb5df46604e68815.jpg
АЛМАТЫ, 19 маусым – Sputnik. Алматыдағы балаларды дамыту жекеменшік орталығында 6 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға 17 маусымда болған. Oblako_spase жекеменшік даму орталығында 6 жастағы жеткіншек қайтыс болды. Дүниеден өтерден екі күн бұрын ғана ол туған күнін мерекелепті.Аэлита - Алматыдағы элиталы кешендердің бірі. Oblako_spase жекеменшік даму орталығы осы кешенде орналасқан, балаларды бірнеше бағытта дамытатын орталық көрінеді. Жеткіншек осы Аэлита кешенінде тұрады. Отбасындағы төрт баланың кенжесі екен. Жексенбі күні баланың денесі жер қойнына тапсырылған. Ал орталықтың есігіне мөр басылып, тарс жабылған, басшыларымен хабарласу мүмкін болмады."Бұл жекеменшік орталық болғандықтан білім басқармасы тарапынан тексеруге, бақылауға заңды құқымыз жоқ. Қандай жұмыстар жасап жатыр, талапқа сай ма, санитарлық жағдайы қандай, ешнәрсесін білмейміз", - дейді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.Жақында ғана "Прогресс" деп аталатын балаларды дамыту орталығында да баланың құқы тапталған бейнежазба әлеуметтік желіде тарады."Бұл орталық қаланың білім беру ұйымдарының базасында жоқ. Айта кетейік, ұйым санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алған жоқ. Сондықтан орталықтың балаларды қабылдауға және арнайы қызметтер көрсетуге құқығы жоқ", - дейді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.Ал өз міндетін орындамаған Oblako_spase даму орталығы мамандарының үстінен қылмыстық іс қозғалған."Бұл дерек бойынша Бостандық ауданындық полиция басқармасында Қылмыстық Кодекстің 141-бабы "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр, тиісті сараптамалар жасалады", - дейді полиция департаменті.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/13/36114844_82:0:1417:1001_1920x0_80_0_0_dce9be5bfc6a871a563da7a96bb0070c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы, бала, шкаф
АЛМАТЫ, 19 маусым – Sputnik. Алматыдағы балаларды дамыту жекеменшік орталығында 6 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 17 маусымда болған. Oblako_spase жекеменшік даму орталығында 6 жастағы жеткіншек қайтыс болды. Дүниеден өтерден екі күн бұрын ғана ол туған күнін мерекелепті.
"Полиция мен жедел жәрдем қаптап кетті. Не болды десек бала қараусыз қалып, үстіне шкаф құлап кеткен, басына зақым келген дейді. Негізі бұл орталыққа балаларын әкелетін кісілер көп", - дейді Аэлита тұрғын үй кешінінің тұрғыны.
Аэлита - Алматыдағы элиталы кешендердің бірі. Oblako_spase жекеменшік даму орталығы осы кешенде орналасқан, балаларды бірнеше бағытта дамытатын орталық көрінеді. Жеткіншек осы Аэлита кешенінде тұрады. Отбасындағы төрт баланың кенжесі екен. Жексенбі күні баланың денесі жер қойнына тапсырылған. Ал орталықтың есігіне мөр басылып, тарс жабылған, басшыларымен хабарласу мүмкін болмады.
"Бұл жекеменшік орталық болғандықтан білім басқармасы тарапынан тексеруге, бақылауға заңды құқымыз жоқ. Қандай жұмыстар жасап жатыр, талапқа сай ма, санитарлық жағдайы қандай, ешнәрсесін білмейміз", - дейді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Жақында ғана "Прогресс" деп аталатын балаларды дамыту орталығында да баланың құқы тапталған бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
"Бұл орталық қаланың білім беру ұйымдарының базасында жоқ. Айта кетейік, ұйым санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алған жоқ. Сондықтан орталықтың балаларды қабылдауға және арнайы қызметтер көрсетуге құқығы жоқ", - дейді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Ал өз міндетін орындамаған Oblako_spase даму орталығы мамандарының үстінен қылмыстық іс қозғалған.
"Бұл дерек бойынша Бостандық ауданындық полиция басқармасында Қылмыстық Кодекстің 141-бабы "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр, тиісті сараптамалар жасалады", - дейді полиция департаменті.