Қыздың орнына мен қалайын деп едім, көнбеді – министр Kaspi банктегі басқыншы туралы

© Sputnik / Владислав ВодневШтурм отделения банка: операцией руководил Ахметжанов
Штурм отделения банка: операцией руководил Ахметжанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елордадағы Kaspi банк бөлімшесінде қызметкерлерді кепілге алған басқыншымен келіссөз қалай жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер банк қызметкерлерін кепілге алған күдіктімен неге министрдің өзі келіссөз жүргізгенін сұрады.
"Ол жерде менің орынбасарларым да болды. Бөлімшенің ішінде келіссөз жүргізген адамдар болды. Мен өзім бардым, "қызды босат, мен қалайын" деп едім, бірақ ол көнбеді. Бронежилетпен ішке кіргізбеді, шешуге тура келді", - деп жауап берді Ахметжанов.
Айтуынша, басқыншының талаптары әртүрлі болған.
Қазір бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Арнайы операцияға ІІМ басшысының өзі де қатысқандықтан, одан да жауап алынуы мүмкін.
Министр күдіктінің бұған дейін ұрлық және алаяқтық бойынша істі болғанын айтты.
Еске салсақ, 18 маусымда Астанадағы " Kaspi банк" филиалын белгісіз біреу басып алды. Тапаншаға ұқсас зат ұстаған ер адам 7 адамды кепілге алып, бірнеше талап қойған. Күдіктімен келіссөз жүргізуге ІІМ басшысы Марат Ахметжановтың өзі келді.
Кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері бөлімшеге шабуыл жасап, банк қызметкерлерін босатты. Ал күдікті қолға түсті.
Прокуратураның ақпаратынша, 30 жастағы Әлихат Мұрадов 2013 жылдан бері есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр. Жамбыл облысының тумасы банктен кредит те алған. Екі рет қылмыстық іс бойынша күдікті болып танылған.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 261-бабы (Адамды кепілге алу) бойынша тергеліп жатыр.
Жаңалықтар
0