https://sputnik.kz/20230619/qazaqstandagy-uzdik-5-turistik-qalanyn-tizimi-zhariyalandy-36093837.html
Қазақстандағы үздік 5 туристік қаланың тізімі жарияланды
Қазақстандағы үздік 5 туристік қаланың тізімі жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның үздік 5 туристік қаласының тізімін жасады. 19.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-19T08:34+0500
2023-06-19T08:34+0500
2023-06-19T08:36+0500
туризм
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e5/08/19/17946762_0:157:2997:1842_1920x0_80_0_0_d742ca85ba81751cd70e58db92ab2673.jpg
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның үздік 5 туристік қаласының тізімін жасады.5-орын. АқтауҮздік бестікті қарт Каспийдің ақмаржаны – Ақтау қаласы ашады. Биыл қаңтар-сәуір аралығында Ақтауға 220 660 қонақ келген. Ал жазғы маусымға қарай, туристер тарапынан Маңғыстау облысының орталығына қызығушылық 20%-ға дейін артып отыр.4-орын. АтырауАтырау қаласы да туристер саны бойынша үздіктер қатарында. 2023 жылдың алғашқы төрт айында қалаға 305 460 қонақ келген. Мамыр айында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өңірде "Сарайшық" визит- орталығы ашылды. Мұнда туристерге Қазақ хандығы, Алтын Орда және ежелгі дәуірдегі қалашық тарихымен танысуға барлық жағдай жасалған. Демек жазғы маусымда Атырауға келушілер саны арта түседі.3-орын. ШымкентҚонақжайлығы бойынша ешкімге есе жібермейтін Шымкент туристер саны жағынан да көш басында. Қаңтар-сәуір аралығында шырайлы шаһарға 346 280 адам саяхаттап барған. Мұнда кез келген турист көңілі қалаған демалысты таңдай алады. Киелі-тарихи орындарға саяхат, шипайжайдағыдемалыс немесе қалада жиі ұйымдастырылатын спорттық, мәдени-бұқаралар іс-шараларға қатысуға болады.2-орын. АстанаАстана – әкімшілік-іскерлік орталық қана емес, туристер жиі таңдайтын басым бағыттардың бірі. 2023 жылдың алғашқы төрт айында ғана Астана 951 750 мейманды қабылдаған. Бүгінде Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елорда іргесінде еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей құрылысы жүріп жатыр. Бозоқ – бас қаланың туристік бойтұмары ретінде қонақтар міндетті түрде тамашалауға баратын орынға айналады.1-орын. АлматыТау-шаңғы курорттары, сұлу табиғат, қолайлы климат пен қонақжайлылық. Осы және басқа да артықшылықтары бар Алматы еліміздегі бірегей туристік қала. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында оңтүстік мегаполиске 1 185 130 адам саяхаттап келген. Алматыға әсіресе шетелдік туристер жиі тоқтайды. Мәдениет және спорт министрлігі өңірдің туристік әлеуетін толық іске асыру мақсатында шетелдік туроператорлармен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.2023 жылдың алғашқы 4 айында (қаңтар-сәуір) Қазақстанда 3,5 млн адам ел ішінде саяхаттаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% - ға артық. Мәдениет және спорт министрлігі ішкі туризмді ынталандыруға арналған бірнеше бағдарлама әзірлеп, іске қосты. Мысалы, Kids go Free бағдарламасы бойынша қазақстандықтар ел ішіндегі отбасылық демалысты тиімді жоспарлап, туроператорлардан туристік пакет сатып алғанда 30%-ға дейін қаражат үнемдей алады.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/19/17946762_164:0:2831:2000_1920x0_80_0_0_98c4a730d58d4fa39b3fec1d36d920d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм, қазақстан
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның үздік 5 туристік қаласының тізімін жасады.
Үздік бестікті қарт Каспийдің ақмаржаны – Ақтау қаласы ашады. Биыл қаңтар-сәуір аралығында Ақтауға 220 660 қонақ келген. Ал жазғы маусымға қарай, туристер тарапынан Маңғыстау облысының орталығына қызығушылық 20%-ға дейін артып отыр.
Атырау қаласы да туристер саны бойынша үздіктер қатарында. 2023 жылдың алғашқы төрт айында қалаға 305 460 қонақ келген. Мамыр айында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өңірде "Сарайшық" визит- орталығы ашылды. Мұнда туристерге Қазақ хандығы, Алтын Орда және ежелгі дәуірдегі қалашық тарихымен танысуға барлық жағдай жасалған. Демек жазғы маусымда Атырауға келушілер саны арта түседі.
Қонақжайлығы бойынша ешкімге есе жібермейтін Шымкент туристер саны жағынан да көш басында. Қаңтар-сәуір аралығында шырайлы шаһарға 346 280 адам саяхаттап барған. Мұнда кез келген турист көңілі қалаған демалысты таңдай алады. Киелі-тарихи орындарға саяхат, шипайжайдағыдемалыс немесе қалада жиі ұйымдастырылатын спорттық, мәдени-бұқаралар іс-шараларға қатысуға болады.
Астана – әкімшілік-іскерлік орталық қана емес, туристер жиі таңдайтын басым бағыттардың бірі. 2023 жылдың алғашқы төрт айында ғана Астана 951 750 мейманды қабылдаған. Бүгінде Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елорда іргесінде еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей құрылысы жүріп жатыр. Бозоқ – бас қаланың туристік бойтұмары ретінде қонақтар міндетті түрде тамашалауға баратын орынға айналады.
Тау-шаңғы курорттары, сұлу табиғат, қолайлы климат пен қонақжайлылық. Осы және басқа да артықшылықтары бар Алматы еліміздегі бірегей туристік қала. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында оңтүстік мегаполиске 1 185 130 адам саяхаттап келген. Алматыға әсіресе шетелдік туристер жиі тоқтайды. Мәдениет және спорт министрлігі өңірдің туристік әлеуетін толық іске асыру мақсатында шетелдік туроператорлармен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
2023 жылдың алғашқы 4 айында (қаңтар-сәуір) Қазақстанда 3,5 млн адам ел ішінде саяхаттаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% - ға артық. Мәдениет және спорт министрлігі ішкі туризмді ынталандыруға арналған бірнеше бағдарлама әзірлеп, іске қосты. Мысалы, Kids go Free бағдарламасы бойынша қазақстандықтар ел ішіндегі отбасылық демалысты тиімді жоспарлап, туроператорлардан туристік пакет сатып алғанда 30%-ға дейін қаражат үнемдей алады.