Грузияда қазақстандық журналисті өлтіріп кетті: трагедияның жай-жапсары анықталды

© facebook.com/Ерболат АлтайулыЖанбота Төлеген
Жанбота Төлеген - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 маусым – Sputnik. Кахетия полициясы Грузияда қаза болған қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің өліміне қатысты ақпарат таратты. Қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша бір адам ұсталды, деп хабарлады Грузия ішкі істер министрлігінің сайты.
"Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ІІМ Кахетия полиция департаментінің қызметкерлері қасақана кісі өлтіргені үшін Г.Х.-ны ұстады", - деп хабарлады полиция.
Тергеу Сагареджо муниципалитетінде сотталушы мен қазақстандық әйелдің арасында жанжал шыққанын анықтады. Осыдан кейін ер адам ескі танысын доғал затпен өлімші етіп ұрып-соққан.
Полицейлердің мәліметінше, күдікті қылмысты жасыру үшін әйелдің денесін өзенге лақтырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Оқиғадан кейін көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады.
Грузия Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл бапта 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін желіде Грузияда қазақстандық журналистің қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланды. Әріптесінің айтуынша, Жанбота Төлеген соңғы рет 19 мамырда хабарласқан.
Әйелдің сыныптастары оны Грузияда өлтіріп кеткенін хабарлады. Туыстары әлеуметтік желідегі ақпаратты растап, әйелдің 2 маусым күні Қоянды ауылында жерленгенін жеткізді.
Архивное фото мужчины с ножом в руке - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2021
Әлем
Бір ай бойы отбасыны ешкім іздемеген: көпқабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды
Жаңалықтар
0