Оқиға

Грузияда қазақстандық журналисті өлтіріп кетті

© Photo : Orkhan Farmanli / UnsplashЖители на улице в Грузии
Жители на улице в Грузии - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 маусым - Sputnik. Грузияда қазақстандық журналист өлі табылды, деп хабарлайды Astana TV.
Әріптестерінің айтуынша, Жанбота Төлеген соңғы рет 19 мамырда байланысқа шыққан. Келіншектің сыныптастары ол Грузияда өлі табылғанын хабарлады. Бұл туралы журналистің әріптесі Назира Дәрімбет әлеуметтік желіде жазды.
"Жанботаның сыныптастарының хабарлауынша, оны 21 мамырда Грузияның Телави қаласында өлтіріп кеткен!!! Сұмдық! Бұған сене алар емеспін", - деп жазды Дәрімбет.
Жазбаның астында Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің консулдық бөлімінің басшысы Ерлан Әбішев қол қойған құжат қоса жарияланған. Ол мәйітті тапсыру үшін Жанботаның туыстарын табу мақсатында сыртқы істер министрлігіне жүгінген.
Әлеуметтік желілердегі ақпаратты қаза тапқан журналистің ағасы Ерболат Алтайұлы растады. Ол Жанботаны 2 маусым күні Қоянды ауылында жер қойнына тапсырғандарын жазды.
Рука человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2023
Атырауда ер адам көшеден өлі табылды
Жаңалықтар
0