Шығыс Қазақстанда орман өртеніп жатыр

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаПожар в Абайской области
Пожар в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 маусымда Катонқарағай ауданындағы "Катонқарағай ұлттық табиғи паркі" РММ Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орманшылығы) жетуі қиын таулы жерде өрт шыққан. Қызыл жалын шөп пен бұталарды шарпып жатыр.
Алдын ала дерек бойынша тілсіз жау тараған аумақ – 15 гектар.

"ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшыларының, жергілікті атқарушы органдардың және Қазавиаорманқорғаудың жеке құрамынана 123 адам, 3 бірлік техника және ШҚО әкімдігінің авиация бөлімшесінің 2 тікұшағы жұмылдырылған. Тікұшақтармен 10 рет су төгілді. Белсенді жану ошақтары жоқ. Кей жерлерде жекелеген түтін ошақтары бар, ол жерде жұмыстар жүргізіліп жатыр. ", - делінген ақпаратта.

Жалынмен күреске жұмылдырылған адамдар сол жерге тікұшақпен жеткізілді, өйткені жер бедері автотехникамен жүруге мүмкіндік бермейді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ
ТЖД мәліметінше, өрттің таралуына жол берілген жоқ. Өрт орнында ШҚО әкімінің орынбасары Е. Нұрбаев бар.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев қазір Риддер қаласынан 80 шақырым жерде өрт шыққан жерде, ондағы өрт қазіргі таңда оқшауланған.
Жаңалықтар
0