Өңірлер

Енесін зорлаған 54 жастағы павлодарлық тұрғын сотталды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2023
Жазылу
ПАВЛОДАР, 17 маусым - Sputnik. Павлодар қалалық № 2 сотында енесін зорлаған 54 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Полицияға жәбірленушінің қызы арыз түсірген. Тергеу барысында жүргізілген сараптама ер адамның кінәсін дәлелдеді.
"Қылмыскер жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, екі рет зорлаған. Сараптама нәтижелеріне қарамастан, айыпталушы өз кінәсін мойындамады", - делінген Павлодар қалалық № 2 сотының үкімінде.
Ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 55-бабын қолдана отырып, Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Одан бөлек ол жәбірленушіге моральдық залалдың өтемі ретінде 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
зорлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0