https://sputnik.kz/20230617/ekibastuzdagy-apat-prokuratura-tergeu-natizhesin-zhariyalady-36069946.html
Екібастұздағы апат: прокуратура тергеу нәтижесін жариялады
Екібастұздағы апат: прокуратура тергеу нәтижесін жариялады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Павлодар облыстық прокуратурасы "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС нысындарында болған апат бойынша тергеу шараларын аяқтады. Барлық... 17.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-17T18:41+0500
2023-06-17T18:41+0500
2023-08-11T11:32+0500
екібастұз
жылу
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32344880_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_1f0d1246a09faac13c8ce6f0ead1309a.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Павлодар облыстық прокуратурасы "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС нысындарында болған апат бойынша тергеу шараларын аяқтады. Барлық материалдар сотқа жолданды. 2022 жылы қарашаның соңында прокуролар алдымен Қылмыстық кодекстің 254-бабы (Коммерциялық ұйымдағы міндеттеріне адал қарамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Сараптамаға сәйкес, құбырлар магистралі толығымен тозған. Қазандық-турбиналық және су жылыту цехтарының бас корпусы апатттық жағдайда тұр. Оған қоса, басшылық пен жедел персоналдың қате және келісілмеген әрекеттері салдарынан апат болды. Мамандар ЖШС электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану кезінде көптеген бұзушылықтарды анықтады. 2023 жылы 16 мамырда ЖШС бұрынғы бас директоры, ЕЖЭО және ЭЖС директорларының іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 254-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша сараланды. 22 мамырда тергеу шаралары аяқталды. Ал 15 маусымда барлық материал Екібастұз қалалық сотына жіберілді. Бұдан бөлек, 2023 жылы 11 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі (Салғырттық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығы бар. Осы іс бойынша екі - аумақтық Энергетикалық қадағалау департаментінің басшысы және Екібастұз қаласының ТКШБ басшысы жауапқа тартылып отыр.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32344880_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_753c3a4d8cc579933e5e682169a0fb30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, жылу, прокуратура
екібастұз, жылу, прокуратура
Екібастұздағы апат: прокуратура тергеу нәтижесін жариялады
18:41 17.06.2023 (жаңартылды: 11:32 11.08.2023) АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Павлодар облыстық прокуратурасы "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС нысындарында болған апат бойынша тергеу шараларын аяқтады. Барлық материалдар сотқа жолданды.
2022 жылы қарашаның соңында прокуролар алдымен Қылмыстық кодекстің 254-бабы (Коммерциялық ұйымдағы міндеттеріне адал қарамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
"Тергеу барысында Екібастұз ЖЭО-да ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйінің тиісті жағдайда болмауы салдарынан қысым датчигінің импульстік түтігі қатып қалғаны, нәтижесінде реттеуші жалған көрсеткіштер негізінде су көлемін ұлғайтқаны анықталды. Бұдан әрі химиялық цехтың қызметкерлері тағы екі сорғыны қосқандықтан, қысым көтеріліп, ЖШС-ның жылу желілерінде көптеген бұзылыстарға әкеп соқтырды", - дейді прокурорлар.
Сараптамаға сәйкес, құбырлар магистралі толығымен тозған. Қазандық-турбиналық және су жылыту цехтарының бас корпусы апатттық жағдайда тұр. Оған қоса, басшылық пен жедел персоналдың қате және келісілмеген әрекеттері салдарынан апат болды. Мамандар ЖШС электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану кезінде көптеген бұзушылықтарды анықтады.
2023 жылы 16 мамырда ЖШС бұрынғы бас директоры, ЕЖЭО және ЭЖС директорларының іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 254-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша сараланды. 22 мамырда тергеу шаралары аяқталды. Ал 15 маусымда барлық материал Екібастұз қалалық сотына жіберілді.
Бұдан бөлек, 2023 жылы 11 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі (Салғырттық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығы бар. Осы іс бойынша екі - аумақтық Энергетикалық қадағалау департаментінің басшысы және Екібастұз қаласының ТКШБ басшысы жауапқа тартылып отыр.