Тоқаев төрт мемлекеттегі елшіні ауыстырды
15:42 16.06.2023 (жаңартылды: 15:43 16.06.2023)
© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Чех, Корея, Хорватия және Сингапур Республикаларындағы елшілерін тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.