Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкіміне қандай міндеттер жүктелді

© Photo : Премьер-министрдің баспасөз қызметіӘлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысы активіне жаңа әкімді таныстырды
Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысы активіне жаңа әкімді таныстырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысы активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Ол облыстың жаңа әкіміне бірқатар міндет жүктеді. Әлихан Смайылов соңғы 5 жылда облыс орнықты даму көрсеткіштеріне қол жеткізгенін атап өтті. Мәселен, жалпы өңірлік өнім көлемі 1,7 есе, жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 3,3 есе өсті.

"Облыста агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыз сумен қамтамасыз ету, туризмді дамыту жобалары сәтті іске асырылды. Ондаған әлеуметтік нысандар – мектептер, спорт кешендері, ауруханалар, соның ішінде ана мен бала, гематология, үстел теннисі орталықтары және басқа да көптеген нысандар салынды", — деп атап өтті үкімет басшысы.

Жаңа ұлттық жобалар аясында облыста 4,2 мың оқушыға арналған 10 жайлы мектеп және 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемесі салынады, сондай-ақ бір аудандық аурухананы жаңғырту жүргізіледі.
Премьер-министрдің жаңа әкімге жүктелген міндеттерінің қатарында тұрғындарды ауыз сумен және электрмен үздіксіз қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, сондай-ақ жергілікті жолдардың сапасын арттыру бар.
Смайылов жылумен жабдықтау мәселелерін шешу тақырыбын да қозғады.
"Өткен қыста Риддер жылу электр орталығында қазандық агрегаттарында 81 авариялық жағдай тіркелді. Қала тұрғындарына қара суық түсісімен дұрыс жылу берілген жоқ. Бұл проблемаларды жаңа жылыту маусымы басталғанға дейін шешу керек", - деді ол.
Премьер осыған байланысты облыс әкімдігінің алдында Риддер жылу электр орталығын күрделі жөндеуді және алдағы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Оның айтуынша, аймақтағы экологиялық ахуал да үлкен алаңдаушылық туғызады. Атап айтқанда, Өскемен бүгінде еліміздің экологиялық жағынан ең ластанған қалаларының қатарына кіреді. Сондықтан зиянды қалдықтарды азайту және табиғатты қорғау іс-шараларына инвестицияларды ұлғайту үшін өнеркәсіптік объектілерді жаңғырту қажет.
"Абай облысындағы соңғы қайғылы оқиғаларға байланысты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аудару керек. ШҚО-да 3 млн гектарға жуық мемлекеттік орман қоры бар, сондықтан бұл мәселенің маңызы зор", — деп атап өтті үкімет басшысы.
Чрезвычайный и Полномочный Посол республики Казахстан в РФ Ермек Кошербаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Шығыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды
Жаңалықтар
0