https://sputnik.kz/20230616/pavlodar-oblysynda-ferrokhrom-urlaumen-aynalysqan-qylmystyq-top-ustaldy-36049733.html
Павлодар облысында феррохром ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Павлодар облысында феррохром ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Павлодар облысында жедел уәкілдер феррохром ұрлаумен айналысқан 14 адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. 16.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-16T21:49+0500
2023-06-16T21:49+0500
2023-06-16T21:49+0500
ұрлық
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Павлодар облысында жедел уәкілдер феррохром ұрлаумен айналысқан 14 адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы ферроқорытпаларды өндіру және жеткізумен айналысатын ірі кәсіпорындардың бірінің жанында жұмыс істеген."Ақсу ферроқорытпалар зауытының аумағынан феррохром өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды. Кәсіпорынға келтірілген залал 150 млн теңгеден асады. Қылмыстық топ құрамында зауыттың бұрынғы және қазіргі жұмысшылары бар. Қылмыстық іс бойынша 10-нан астам тінту жүргізілді", - дейді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.Полицияның айтуынша, маңызды заттай дәлелдемелер, қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік, қымбат көліктер және басқа да құнды заттар тәркіленді. Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен 14 адамды ұстады.Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Негізгі күдіктілер, ұйымдастырушы және қылмыстық топтың белсенді қатысушылары уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://sputnik.kz/20230422/qaztransgaz-aymaq-kompaniyacynyn-gaz-qubyrlaryn-urlagan-qylmystyq-top-ustaldy-34198644.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұрлық
Павлодар облысында феррохром ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Павлодар облысында жедел уәкілдер феррохром ұрлаумен айналысқан 14 адамды ұстады, деп хабарлады
Polisia.kz. Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы ферроқорытпаларды өндіру және жеткізумен айналысатын ірі кәсіпорындардың бірінің жанында жұмыс істеген.
"Ақсу ферроқорытпалар зауытының аумағынан феррохром өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды. Кәсіпорынға келтірілген залал 150 млн теңгеден асады. Қылмыстық топ құрамында зауыттың бұрынғы және қазіргі жұмысшылары бар. Қылмыстық іс бойынша 10-нан астам тінту жүргізілді", - дейді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Полицияның айтуынша, маңызды заттай дәлелдемелер, қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік, қымбат көліктер және басқа да құнды заттар тәркіленді. Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен 14 адамды ұстады.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Негізгі күдіктілер, ұйымдастырушы және қылмыстық топтың белсенді қатысушылары уақытша ұстау изоляторына қамалды.