https://sputnik.kz/20230615/turkistannyn-eks-akimine-qatysty-sot-isi-bastaldy-35986120.html
Түркістанның экс-әкіміне қатысты сот ісі басталды
Түркістанның экс-әкіміне қатысты сот ісі басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Түркістан мен Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа... 15.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-15T14:20+0500
2023-06-15T14:20+0500
2023-06-15T14:20+0500
түркістан облысы
сот
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Түркістан мен Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты басты сот талқылауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ол сот процесіне 2022 жылдың қазан айынан бері қамауда отырған тергеу изоляторынан онлайн қосылды.Сотта Аюпов денсаулығына байланысты оңалуға уақыт беруін, сондай-ақ соттан журналистерге сот процесіне қатысуға және материалдар жариялауға тыйым салуды сұрады.Бұрынғы әкімнің айтуынша, тергеу органы оны алаяқ, пара беруші деп көрсететін БАҚ беттеріндегі жарияланымдардың кесірінен оның балалары, туыстары, 80 жастағы әкесі психологиялық күйзеліске ұшырайды.Судья Қажымұқан Мекемтас БАҚ өкілдері де кез келген азамат сияқты сотқа қатысуға құқылы екенін атап өтті. Өйткені процесс ашық өтіп жатыр."Егер қандай да бір жолмен сіздің құқықтарыңызға нұқсан келтірілсе немесе басқа да негіздер болса, қандай да бір БАҚ-ты сот процесіне қатыстырмау туралы арыз беруге құқылысыз", – деп түсіндірді сот.Еске сала кетейік, осы жылдың 18 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Аюповқа қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады.Антикордың мәліметінше, Аюпов 2013 жылы премьер-министр кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жекеменшік компанияның иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі көлемде пара беруге көндірген.Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңіп беруге уәде еткен.Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсаған.
https://sputnik.kz/20210524/Turkistan-Ilon-Mask-17138664.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, сот
АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Түркістан мен Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты басты сот талқылауы өтіп жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ол сот процесіне 2022 жылдың қазан айынан бері қамауда отырған тергеу изоляторынан онлайн қосылды.
Сотта Аюпов денсаулығына байланысты оңалуға уақыт беруін, сондай-ақ соттан журналистерге сот процесіне қатысуға және материалдар жариялауға тыйым салуды сұрады.
Бұрынғы әкімнің айтуынша, тергеу органы оны алаяқ, пара беруші деп көрсететін БАҚ беттеріндегі жарияланымдардың кесірінен оның балалары, туыстары, 80 жастағы әкесі психологиялық күйзеліске ұшырайды.
"Мен бұған қарсымын, өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің кейбір блогерлерге арызданушының ақшасын бергеніне өзім де куә болдым. Кейбір блогерлер бас тартты, бірақ соған қарамастан осындай ойын жүріп жатты. БАҚ-ты сот залынан шығарып, онлайн қосылымды өшіріп тастауыңызды сұраймын. Біз өзіміз ақпарат береміз", - деді Рашид Аюпов.
Судья Қажымұқан Мекемтас БАҚ өкілдері де кез келген азамат сияқты сотқа қатысуға құқылы екенін атап өтті. Өйткені процесс ашық өтіп жатыр.
"Егер қандай да бір жолмен сіздің құқықтарыңызға нұқсан келтірілсе немесе басқа да негіздер болса, қандай да бір БАҚ-ты сот процесіне қатыстырмау туралы арыз беруге құқылысыз", – деп түсіндірді сот.
Еске сала кетейік, осы жылдың 18 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Аюповқа қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады.
Антикордың мәліметінше, Аюпов 2013 жылы премьер-министр кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жекеменшік компанияның иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі көлемде пара беруге көндірген.
Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңіп беруге уәде еткен.
Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсаған.