https://sputnik.kz/20230615/qaragandyda-zhasospirimder-synyptasyn-ayausyz-soqqyga-zhyqty-35998014.html
Қарағандыда жасөспірімдер сыныптасын аяусыз соққыға жықты
Қарағандыда жасөспірімдер сыныптасын аяусыз соққыға жықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Қарағандыдағы №54 мектептің 9-сынып оқушысын сыныптастары аяусыз соққыға жыққан. Оқиғаның мән-жайын зардап шеккен баланың анасы... 15.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-15T21:51+0500
2023-06-15T21:51+0500
2023-06-15T21:51+0500
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/194/27/1942748_0:96:1921:1176_1920x0_80_0_0_8ab6ec5e2e26187da1e93bd824c9b589.jpg
АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Қарағандыдағы №54 мектептің 9-сынып оқушысын сыныптастары аяусыз соққыға жыққан. Оқиғаның мән-жайын зардап шеккен баланың анасы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.Жәбірленуші жасөспірімнің анасы оқиғаның емтиханнан кейін болғанын айтады."Емтихан тапсырып болған соң ұлымның 4 сыныптасы былай шығып, баламды таяқпен соққыға жыққан, түкірген, темекі қалдықтарын денесіне өшірген. Балам ауруханаға түсті. Ал полиция болса, мұндай әрекет жасағандар тек аз ғана айыппұл төлейді деп отыр", - дейді ол.Жасөспірім бұған дейін де сабаққа барғысы келмейтінін айтып, бірнеше рет анасынан өтініп сұраған."Баламның оқығысы келмейтінін айтып, басқа сыныпқа ауыстыруды немесе қашықтықтан оқытуды сұрап мектеп басшылығына барып едім, тоқсан ортасы болды, рұқсат жоқ деп келіспеді. Мен жалғызбасты анамын. Баламды қалай қорғайтынымды білмей басым қатты", - дейді Қарағанды тұрғыны.Әйел баласының соққыға жығылғаны аздай, жәбірлеуші тараптың жаласына қалғанын айтады.Ал облыстық полиция бұған дейін бұл әрекетке қатысты ешбір шағым түспегенін айтады."Қарағанды облысының полиция департаменті ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық істі тіркеді. Бұған дейін осы факт бойынша ешкім өтініш білдірген жоқ", - дейді полиция.Ал жәбірленушінің анасы ұлын соққыға жыққандар жазадан құтылып кете ме деп алаңдап отыр.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/194/27/1942748_112:0:1807:1271_1920x0_80_0_0_3ce93761cc8419222c20aaef404bb946.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы
АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Қарағандыдағы №54 мектептің 9-сынып оқушысын сыныптастары аяусыз соққыға жыққан. Оқиғаның мән-жайын зардап шеккен баланың анасы
Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.
Жәбірленуші жасөспірімнің анасы оқиғаның емтиханнан кейін болғанын айтады.
"Емтихан тапсырып болған соң ұлымның 4 сыныптасы былай шығып, баламды таяқпен соққыға жыққан, түкірген, темекі қалдықтарын денесіне өшірген. Балам ауруханаға түсті. Ал полиция болса, мұндай әрекет жасағандар тек аз ғана айыппұл төлейді деп отыр", - дейді ол.
Жасөспірім бұған дейін де сабаққа барғысы келмейтінін айтып, бірнеше рет анасынан өтініп сұраған.
"Баламның оқығысы келмейтінін айтып, басқа сыныпқа ауыстыруды немесе қашықтықтан оқытуды сұрап мектеп басшылығына барып едім, тоқсан ортасы болды, рұқсат жоқ деп келіспеді. Мен жалғызбасты анамын. Баламды қалай қорғайтынымды білмей басым қатты", - дейді Қарағанды тұрғыны.
Әйел баласының соққыға жығылғаны аздай, жәбірлеуші тараптың жаласына қалғанын айтады.
"Менің ұлыма бір қыз жала жауып отыр, тиісті дейді, оны әлгі ұрған балалар айтқызып отыр. Баламның соққыға жығылғаны аздай, енді жаланың астында қалып отыр. Ол қыздың шешесі полицияға барып, "қызыма бейәдеп қылықтармен тиісті" деп, бізге қарсы арыз жазған. Кейіннен ол қыз жаңағы ұрған ұлдардың сөйтіп айтуға көндіргенін мойындады. Қаскүнем ұлының қылмысын жасыру үшін ата-аналардың өзі осындай әрекетке барып отыр", - дейді соққы жеген ұлдың анасы.
Ал облыстық полиция бұған дейін бұл әрекетке қатысты ешбір шағым түспегенін айтады.
"Қарағанды облысының полиция департаменті ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық істі тіркеді. Бұған дейін осы факт бойынша ешкім өтініш білдірген жоқ", - дейді полиция.
Ал жәбірленушінің анасы ұлын соққыға жыққандар жазадан құтылып кете ме деп алаңдап отыр.