Қарағанды қаласында 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік елордада ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневСЭЗ_предприятия
СЭЗ_предприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Қарағанды қаласында 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік астанада ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.
Қарағанды қаласының полициясына 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы оның 4 жасар қызын ұрлап кеткен.
Аталған факт ҚК 125-бабының 2-тармағы, яғни "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау" бойынша тіркелді.
13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.
Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүріп жатыр.
Казахстанские школьники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2023
8 жасар қыз өзін ұрлап әкеткен адамның не істегенін айтып берді – видео
Жаңалықтар
0