Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуропа өнеркәсібінде дағдарыс туындау қаупі бар

© Sputnik / Алексей ВитвицкийФлаги с символикой Евросоюза
Флаги с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
Жазылу
Бір жылдан астам уақыт бойына саналы авторлар жазып келе жатқан болжам шындыққа айналды. Америкалық Bloomberg басылымы еуропалық саяси билік жоққа шығарған болжамның дұрыстығын растайтын бірнеше жазба жариялады. Басылым Германия вице-канцлері және экономика министрінің қызметін қоса атқаратын шенеуніктің сөзінен үзінді келтірді, деп жазды РИА Новости.
Бад-Заров неміс қоғамдастығында өткен экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Роберт Хабек неміс өнеркәсібі биылғы қыстың басында тарихтағы ауыр дағдарысқа ұшырауы немесе тіпті тіршілігін тоқтатуы мүмкін екенін айтты.
Мемлекеттің экономикалық ақпаратынан толыққанды хабардар Роберт Хабек құлдырауға ресейлік табиғи газ себеп болатынын мәлімдеді. Еске салсақ, Еуропа дәл осы газдан бас тартып, ол Ресейдің дағдарысқа ұшырауына түрткі болады деп сенген еді. Немістер шығыс импортының орнын алмастыра алмады, ал өз қоймаларындағы газ көлемі жетіспей тұр. Оның үстіне, қыркүйектің соңына қарай энергия тасымалдағыштардың бағасы қанша болатыны белгісіз. Айта кету керек, Еуропада дәл осы қыркүйекте жылу маусымы басталады.
"Еуропа бірлігі деген ұстаным да жағымсызх фактор рөлін атқарып тұр. Себебі экономика мен жалпы тұтыну көлемін басшылыққа ала отырып, үлестік қатынаста Еуроодақтың әрбір еліне жеткізілетін табиғи газдың бекітілген нормалары бар. Хабек қазіргі қалыптасқан энергия тасымалдағыштардың ішкі тапшылығы кезінде Берлин шығыстағы басқа елдерге (Польшаға) газ экспортын қамтамасыз етуге міндетті екенін айтты", - деп жазылған материалда.
Басқаша айтқанда, өз өндірісін тәуекелге тігу арқылы өзіндегі газды Польша экономикасын құтқаруға жұмсауы керек. Польша Еуроодаққа мүше болғалы бері қаржылық дотацияны ең көп алған мемлекет саналады. Яғни ол онсыз да Германияның "мойнында отырған" мемлекет болатын.
Осы тұста Роберт Хабек кезекті – үшінші факторды жариялады. Саладағы мамандардың барлығының бағалауы бойынша, Ресей негізінде қолданыстағы экспорттық газ келісімшарттарын созуға және кеңейтуге дайын. Бірақ "Солтүстік ағынның" үш желісі зақымдалған соң, газ айдаудың мүмкіндігі төмендеді және Мәскеу Брюссельдің қазір тығырыққа тірелгенін түсініп, келісімшартты мүлде басқа талаптармен жасайтыны белгілі.
Дегенмен бұл мәселеге Украинаның қатысып отырғанын ескерсе, жоғарыда аталғандардың орындалуы тіпті екіталай. Себебі, батыс аналитиктерінің айтуынша, Украина Ресеймен қандай да бір келіссөз жүргізуге түбегейлі қарсы. Нарыққа сұйылтылған газды жөнелтіп отырған АҚШ-тың өзі де жағдайды оң жаққа түзете алмады.
Неміс министрі елдің солтүстігіндегі қайта газдандырылған жалғыз терминал іс жүзінде тоқтап тұрғанын айтты. Бұған Ресейдің еш кінәсі жоқ. Өйткені мұндай нысанды іске қосу жағалау маңындағы экологияға орасан зор нұсқан келтіреді деп сенген жергілікті халық пен табиғатты қорғау ұйымдары газ терминалына қарсы шығып жатыр. Бұл Германияның өзі белсенді насихаттаған "жасыл экономика" талаптары. Енді Берлин өз ұсынған шарттарға өзі тап болып отыр.
Басылымда жарық көрген екінші мақалада неміс өнеркәсіпшілері, атап айтқанда RWE AG концернінің өкілдері, егер Украинаның батысындағы жерасты газ қоймаларын қолданса, Германияның өнеркәсіп секторын сақтап қалу мүмкін бе деген ойларымен бөлісті. Қазіргі уақытта Еуропадағы жерасты газ қоймалары 70 процентке толған, ал Львов облысындағы жерасты газ қоймаларының тек үштен бірінде ғана газ бар. Оларды толықтай толытырып, кейін Словакия, Польша, Австрия және Германияға газ айдаса, бұл тұтынудың кем дегенде 10-15 процентін жаба алар еді.
Бұл бағыттағы статистика да жұртты елең еткізді. Соңғы бір жарым жыл ішінде Еуроодақ нарықтардағы дүрбелеңді болдырмау және ірі тұтынушыларға қымбат бағамен энергия тасымалдағышты сатып алу үшін өтемақы төлеуге 646 миллиард еуро жұмсады. Салыстыру үшін айтсақ. Батыс сарапшылары Ресейдің бүкіл әскери бюджетін 65-70 миллиард доллар деп бағалады, яғни Еуроодақ өз экономикасын ұстап тұру үшін жұмсалған қаражаттан он есе аз.
"Украинадағы газды қолданудың артықшылығы көп. Жерасты газ қоймалары әскери іс-қимыл аумақтарынан өте алыс орналасқан және жақын маңдағы елдермен құбыр желісі арқылы тығыз байланысқан. Сондықтан Украинадан газ жеткізу Еуроодақты құтқаруы ықтимал. Бірақ мақалада айтылмаған бір маңызды мәселе бар. Ол – Украинадағы жерасты газ қоймаларын тек ресейлік газбен толтыруға болады", - деп жазды РИА Новости.
Жаңалықтар
0