https://sputnik.kz/20230615/ekibastuzteploenergo-basshylaryna-qatysty-tergeu-ayaqtaldy-35978818.html
"Екібастұзтеплоэнерго" басшыларына қатысты тергеу аяқталды
"Екібастұзтеплоэнерго" басшыларына қатысты тергеу аяқталды
Sputnik Қазақстан
ПАВЛОДАР, 15 маусым - Sputnik. Жылумен жабдықтаушы ұйымның лауазымды тұлғалары өз міндеттеріне немқұрайдылық пен жосықсыз қарады деген күдікке ілінген, деп... 15.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-15T13:53+0500
2023-06-15T13:53+0500
2023-08-10T16:58+0500
екібастұз
жылу электр орталығы
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32344880_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_1f0d1246a09faac13c8ce6f0ead1309a.jpg
ПАВЛОДАР, 15 маусым - Sputnik. Жылумен жабдықтаушы ұйымның лауазымды тұлғалары өз міндеттеріне немқұрайдылық пен жосықсыз қарады деген күдікке ілінген, деп жауап берді Павлодар облысының прокуратурасы Sputnik Қазақстан тілшісінің ресми сауалына. "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС объектілеріндегі авариялар фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу 2023 жылғы қарашада аяқталды. 2023 жылғы 12 маусымда қылмыстық іс Павлодар облысының прокуратурасына түсті. Оның айтуынша, лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу әлі жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, деп атап өтті ведомствода. Кінәлілер бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Sputnik Қазақстан 2022 жылғы 27 қарашаға қараған түні Екібастұз 30 градустық аязда ЖЭО-да қазандықтардың тоқтауына байланысты жылусыз қалғанын жазған болатын. 28 қарашада қалада төтенше жағдай режимі енгізілді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін де, қазандықтар бірнеше рет мезгіл-мезгіл істен шығып, жылу төмендетілген параметрлерде берілді. Қыс бойы екібастұздықтар пәтерлеріндегі суыққа және электр энергиясы үшін үлкен төлемдерге шағымданумен болды. Өткен қыста температура кестесі 94 рет орындалмады. Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті технологиялық бұзушылық бойынша тергеу жүргізді, әкімшілік жаза шығара отырып, "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС ЖЭО-на жоспардан тыс тексеру жүргізді. "Айыппұл санкцияларының қолданыстағы шаралары халыққа келтірілген залалмен салыстырғанда өте аз", - деп атап өтті энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.
https://sputnik.kz/20230524/ekibastuz-turgyny-zhylu-zhelilerindegi-apattan-bolgan-shygyndy-sot-arqyly-ondirip-aldy-35213191.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32344880_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_753c3a4d8cc579933e5e682169a0fb30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, жылу электр орталығы, тергеу
екібастұз, жылу электр орталығы, тергеу
"Екібастұзтеплоэнерго" басшыларына қатысты тергеу аяқталды
13:53 15.06.2023 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) ПАВЛОДАР, 15 маусым - Sputnik. Жылумен жабдықтаушы ұйымның лауазымды тұлғалары өз міндеттеріне немқұрайдылық пен жосықсыз қарады деген күдікке ілінген, деп жауап берді Павлодар облысының прокуратурасы
Sputnik Қазақстан тілшісінің ресми сауалына.
"Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС объектілеріндегі авариялар фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу 2023 жылғы қарашада аяқталды. 2023 жылғы 12 маусымда қылмыстық іс Павлодар облысының прокуратурасына түсті.
"Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС - нің үш басшысы "міндеттерге жосықсыз қарау" бабымен күдікті деп танылды", - делінген облыс прокурорының міндетін атқарушы Талғат Әлібаевтың жауабында.
Оның айтуынша, лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу әлі жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, деп атап өтті ведомствода. Кінәлілер бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Sputnik Қазақстан 2022 жылғы 27 қарашаға қараған түні Екібастұз 30 градустық аязда ЖЭО-да қазандықтардың тоқтауына байланысты жылусыз қалғанын жазған болатын. 28 қарашада қалада төтенше жағдай режимі енгізілді. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін де, қазандықтар бірнеше рет мезгіл-мезгіл істен шығып, жылу төмендетілген параметрлерде берілді.
Қыс бойы екібастұздықтар пәтерлеріндегі суыққа және электр энергиясы үшін үлкен төлемдерге шағымданумен болды. Өткен қыста температура кестесі 94 рет орындалмады. Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті технологиялық бұзушылық бойынша тергеу жүргізді, әкімшілік жаза шығара отырып, "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС ЖЭО-на жоспардан тыс тексеру жүргізді.
"Айыппұл санкцияларының қолданыстағы шаралары халыққа келтірілген залалмен салыстырғанда өте аз", - деп атап өтті энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.