https://sputnik.kz/20230615/atom-elektr-stantsiyasyn-salu-boyynsha-referendum-otpeydi-35987373.html
Атом электр станциясын салу бойынша референдум өтпейді
Атом электр станциясын салу бойынша референдум өтпейді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өтпейді. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос... 15.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-15T14:43+0500
2023-06-15T14:43+0500
2023-06-15T14:43+0500
атом электр станциясы
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1e/35424531_0:83:1600:983_1920x0_80_0_0_7fc6e29835d4b377461645be457277cd.jpg
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өтпейді. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, АЭС құрылысы бойынша елімізге кореялық компания келіп кеткен, жуырда олармен үлкен келіссөз өтті. Министрлік Қытайдан да ұсыныстар күтіп отыр.Вице-министр атом станциясының нақты қай жерде салынатыны әзірге анықталмағанын атап өтті.Бұған дейін энергетика министрлігі АЭС болжам бойынша Балқаш көлінің жағасында салынуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Қазақстанда атом электр станциясын салуға бірнеше шетелдік компания қызығушылық танытып отыр. Олардың арасында кореялық KHNP, Қытайдың CNNC, ресейлік "Росатом" және франциялық EDF компаниялары бар.
https://sputnik.kz/20230602/qazaqstanga-atom-energetikasy-ne-ushin-qazhet--sarapshynyn-pikiri-35588902.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1e/35424531_90:0:1511:1066_1920x0_80_0_0_72690cfc47fca6bb0daf2defdd4eab36.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы, қазақстан
атом электр станциясы, қазақстан
Атом электр станциясын салу бойынша референдум өтпейді
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өтпейді. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Референдум болмайды, бұл мәселе референдумға шығарылмайды. Алаңның орналасатын жері бойынша сұрақ тұр. Бұл бірінші мәселе. Екінші, ең басты мәселе – технология және қаржы-экономикалық модель. Қоғамдық тыңдаулар өтеді", - деді Нұрмағанбетов сенат кулуарында.
Айтуынша, АЭС құрылысы бойынша елімізге кореялық компания келіп кеткен, жуырда олармен үлкен келіссөз өтті. Министрлік Қытайдан да ұсыныстар күтіп отыр.
Вице-министр атом станциясының нақты қай жерде салынатыны әзірге анықталмағанын атап өтті.
Бұған дейін энергетика министрлігі АЭС болжам бойынша Балқаш көлінің жағасында салынуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Қазақстанда атом электр станциясын салуға бірнеше шетелдік компания қызығушылық танытып отыр. Олардың арасында кореялық KHNP, Қытайдың CNNC, ресейлік "Росатом" және франциялық EDF компаниялары бар.