Ақтөбеде қаржы пирамидасымен сотталғандар аштық жариялады

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуПитание в тюрьме
Питание в тюрьме - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Қазақстандағы ең ірі "Гарант 24 Ломбард" қаржы пирамидасы туралы атышулы іс бойынша сотталғандар Ақтөбеде аштық жариялады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
33 адам өздеріне қатысты қылмыстық істі сотта қайта қарауды талап етіп отыр, дейді сотталғандардың туыстары.
"Ағам пирамидаға жалдамалы жұмысшы бригадир ретінде келген. Соңында ол 8 жылға сотталды. Негізі қылмысқа тікелей қатысы барлар шетелде қашып жүр. Бұл үш адам ақшамен кетіп қалды. Ал қазір түрмеде отырғандардың қылмысқа қатысы жоқ, бұларды тек пайдаланып кетті", - дейді сотталушының әпкесі Жанна Сетінова.
Қазір сотталғандармен прокурорлар келіссөздер жүргізіп жатыр. Кейбіреулер ерікті түрде аштық жариялауды тоқтатты.
"Бүгін олардың төртеуі тамақтана бастады. Қалған 29 сотталушы бүгінгі күні медицина қызметкерлерінің бақылауында. Аштық жариялағандардың түзеу мекемесі әкімшілігіне шағымдары жоқ", - деп сендірді Ақтөбедегі №ю70 мекеменің бастығы Аман Құлмұхамбетов.
Айта кетейік, "Гарант 24 Ломбард" қаржы пирамидасының қылмыстық ісіне қатысы бар деген 48 адам сотталған. Олар 7 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Мамыр айының соңында қаржы пирамидасына қатысушылар мен ұйымдастырушылар апелляциялық шағым түсірді, бірақ сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот шешімі заңды күшіне еніп қойған.
Естеріңізге сала кетейік, алаяқтар бүкіл ел бойынша 17 мыңға жуық қазақстандықты алдаған. Адамдар компанияға жылжымалы, жылжымайтын мүлік пен қолма-қол ақшаны кепілге қойған. Пирамидаға келгендерге қысқа мерзімде екі есе пайда табуға уәде берілген. Салдарынан шығын 30 млрд теңгеден асты.
Жаңалықтар
0