Последствия лесных пожаров в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Абай облысындағы орман өрті

Абай облысындағы орман өрті төрт-бес күннен кейін толығымен сөндіріледі – ТЖМ

© Photo : ҚР ТЖМӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Абай облысындағы орман өрті қашан толығымен сөнетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат кулуарында журналистер Абай облысындағы өрттің қашан сөнетінін сұрады.
"Жақын арада, өртті сөндіру төрт-бес күнге дейін созылуы мүмкін", - деді Күлшімбаев.
Айта кетері, 14 маусымда облыстағы өрт ошақтары оқшауланған еді. Сонымен қатар, өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетін топырақпен толтыру және толтыру жүзеге асырылады.
Вице-министрдің айтуынша, төтенше жағдайлар министрлігінде су ағызатын құрылғымен жабдықталған 33 тікұшақ бар. Бірақ оның тек 16-сы ғана өртті сөндіруге арналған. Қалғандары іздеу, барлау жұмыстары үшін.
"Бірақ олардың бәрін бір мезетте пайдалану мүмкін емес, себебі қандай да жоспарлы жұмыстар болады. Сондықтан олардың жартысына жуығы үнемі жөндеуде тұрады. Ал өрт сөндіретін ұшақтарымыз жоқ, біз оған ақша сұрадық, бірақ қаржы қарастырылмады. Сол себепті біз әлі ұшақ сатып алған жоқпыз", - деді ол.
Бұған дейін Абай облысында орман өртінің оқшауланғаны хабарланған болатын.
Генеральная прокуратура РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
Алапат өрт: Бас прокуратура Ильин, Ахметов, Ұранхаев және Сүлейменовадан жауап алады
Жаңалықтар
0