Экология министрі қаза тапқан орманшылардың отбасына "Құрмет" орденін табыстады

© Photo : Экология және табиғи ресурстар министрлігіҚазақстанның мемлекеттік наградалары
Қазақстанның мемлекеттік наградалары - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 маусым –Sputnik. "Семей орманы" резерватының 14 қызметкері "Құрмет" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Мемлекеттік наградаларды қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табыстады. Сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына барып, көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты", – делінген экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарламасында.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысының жарлығымен Абай облысында болған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін "Семей орманы" резерватының қаза тапқан 14 қызметкері "Құрмет" орденімен марапатталған болатын.
ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Қаза тапқан орманшылардың отбасыларына 7 млн теңгеден беріледі
Жаңалықтар
0