https://sputnik.kz/20230614/deputat-sheteldikter-bankter-zhsn-beru-tyyym-salu-35951459.html
Депутат шетелдіктерге банктер арқылы ЖСН беруге тыйым салуды талап етті
Депутат шетелдіктерге банктер арқылы ЖСН беруге тыйым салуды талап етті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қазақстандық банктер арқылы шетелдіктерге ЖСН беруге қарсы. Ол болашақта осындай жағдайларға жол... 14.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-14T16:21+0500
2023-06-14T16:21+0500
2023-08-09T12:29+0500
қоғам
депутат
банк
шетелдік
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28009564_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_8ac8a247c9b185dfa69e20cec0d0bf14.jpg
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қазақстандық банктер арқылы шетелдіктерге ЖСН беруге қарсы. Ол болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат бұған дейін бірқатар қазақстандық БАҚ-та Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүктемені азайту үшін екінші деңгейлі банктер арқылы шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылданғаны туралы ақпарат тарағанын еске салды.Оның айтуынша, екінші деңгейлі банктер арқылы ЖСН беру елдің мемлекеттік және экономикалық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Себебі ол көлеңкелі экономика үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға, алаяқтықтың таралуына ықпал етеді, халықаралық санкцияларды айналып өту тәуекелдерін тудырады."Әлеуметтік желілерде көрші елдерден ЖСН-ды және банк картасын Қазақстан аумағына кірмей-ақ ақылы түрде алуға болады деген ақпарат тарады. Мұндай жарияланымдарды уәкілетті органдар ресми түрде теріске шығарған жоқ", - дейді мәжілісмен.Депутат ішкі істер министрінің бұйрығымен "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді, оларды берудің нақты рәсімдері айқындалған.Қағидаларға сәйкес, құжат қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тек ХҚКО немесе egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. ЖСН беру қызметтерін көрсету тізімінде екінші деңгейлі банктер жоқ.Осыған байланысты Әбенов цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне екінші деңгейлі банктерге ЖСН беруге рұқсаттың күшін жоюды ұсынды. Сондай-ақ болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдауды сұрады.Бұған қоса, ол Бас прокуратура мен Антикорға мемлекеттік функцияларды жеке ұйымдарға беру бөлігінде заңнаманы бұзу мүмкіндігін тексеруді ұсынды.
https://sputnik.kz/20221026/qazaqstanda-bir-ayda-200-mynga-zhuyq-sheteldik-zhsn-aluga-otinish-bergen-28755848.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1c/28009564_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_4f2c7559708190932e609dc9944aa9f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, банк, шетелдік
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қазақстандық банктер арқылы шетелдіктерге ЖСН беруге қарсы. Ол болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдауды сұрады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат бұған дейін бірқатар қазақстандық БАҚ-та Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүктемені азайту үшін екінші деңгейлі банктер арқылы шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылданғаны туралы ақпарат тарағанын еске салды.
"ЖСН алған бейрезидентке қазақстандық компанияларды құруға, бизнесті ресми жүргізуге, жеке және заңды тұлғалармен сенімгерлік қатынастарға түсуге кең мүмкіндіктер ашылады. Өйткені отандастарымыз шетелдікте қазақстандық ЖСН бар екенін біліп, жеке нөмір берілмес бұрын оның деректерін уәкілетті органдар тексергеніне, басқа елдің азаматы Қазақстан аумағында екеніне сенімді болады", - дейді Әбенов.
Оның айтуынша, екінші деңгейлі банктер арқылы ЖСН беру елдің мемлекеттік және экономикалық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Себебі ол көлеңкелі экономика үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға, алаяқтықтың таралуына ықпал етеді, халықаралық санкцияларды айналып өту тәуекелдерін тудырады.
"Әлеуметтік желілерде көрші елдерден ЖСН-ды және банк картасын Қазақстан аумағына кірмей-ақ ақылы түрде алуға болады деген ақпарат тарады. Мұндай жарияланымдарды уәкілетті органдар ресми түрде теріске шығарған жоқ", - дейді мәжілісмен.
Депутат ішкі істер министрінің бұйрығымен "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді, оларды берудің нақты рәсімдері айқындалған.
Қағидаларға сәйкес, құжат қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тек ХҚКО немесе egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. ЖСН беру қызметтерін көрсету тізімінде екінші деңгейлі банктер жоқ.
Осыған байланысты Әбенов цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне екінші деңгейлі банктерге ЖСН беруге рұқсаттың күшін жоюды ұсынды. Сондай-ақ болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдауды сұрады.
Бұған қоса, ол Бас прокуратура мен Антикорға мемлекеттік функцияларды жеке ұйымдарға беру бөлігінде заңнаманы бұзу мүмкіндігін тексеруді ұсынды.