Последствия лесных пожаров в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Абай облысындағы орман өрті

Абай облысындағы өртті сөндіруге әскерилер көмектесіп жатыр

© Photo : Қазақстанның қорғаныс министрлігіАбай облысындағы өртті сөндіруге әскерилер көмектесіп жатыр
Абай облысындағы өртті сөндіруге әскерилер көмектесіп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 маусым - Sputnik. Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары маусымның 8-і мен 13-і аралығында Абай облысында жанып жатқан аумаққа 3500 тоннадан аса су төкті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарулы күштердің 600 әскери қызметшісі мен 50 техника Шүлбі, Талица, Озерки, Жерновка және Барышевка учаскелеріндегі тілсіз жаумен күреске тартылған.
Жағдайды әуеден бақылау үшін үш ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылған.
"69 адамнан тұратын 23 ұшу экипажы нақты және үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Тікұшақтан жеке дара су төгу әдетте тиімсіз. Бұл бір ошаққа үш тонна ғана су деген сөз. Егер алты тікұшақпен ұшса, бір мақсатта жұмыс істейді. Кейде 40 секундта бір жерге 30 тонна су төгуге болады", - деп атап өтті ведомстводағылар.
Ұшқыштардан кейін төтенше жағдайлар министрлігінің жердегі өрт сөндіруші есептоптары жалынды ауыздықтап жатыр. Олардың соңын ала Абай гарнизонының әскери қызметшілері іске кіріседі. Әскерилер жанып жатқан ағаштарды құлатып, бықсыған отты өшіріп жатыр.
Ауқымды апат аймағында қарулы күштердің барлық бөлімшелерінің іс-қимылын үйлестіруді қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жүзеге асыруда. Ол өртке қарсы іс-шараларға қатысатын жеке құрамның міндеттерін айқындап жатыр.
Эвакуацияланған тұрғындар Абай облысының әкімімен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
Эвакуацияланған тұрғындар Абай облысының әкімімен кездесті
Жаңалықтар
0