Өңірлер

Астанаға дейін келген жаңаөзендік мұнайшылар басқа компанияда жұмыс істеуге келісті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. "БерАли Маңғыстау Компани" ЖШС-ның бұрынғы қызметкерлері басқа компанияға жұмысқа тұруға келісті, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметі.
"ҚазМұнайГаз бен Өзенмұнайгаз-дың арнайы жұмыс тобының "БерАли Маңғыстау Компани" ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлерімен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде оларды "Мөлдір Мұнай Сервис" ЖШС-не жұмысқа орналастыру туралы келісімге қол жеткізілді", - делінген хабарламада.
ҚМГ БерАли-дің бұрынғы жұмысшылары жаңа компанияға ауысқаннан кейін бұрынғы еңбек шарттары сақталатынын атап өтті.
Жұмысқа орналастыру "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ ережелері аясында қатаң түрде жүзеге асырылады, деп толықтырды ұлттық компания.
Еске салсақ, биыл 10 сәуірде "БерАли Маңғыстау company" компаниясының қызметкерлері Астанаға келіп, энергетика министрлігі ғимаратының алдына түнеп шыққан болатын. 11 сәуірде наразылық білдірушілермен келіссөздер басталды. Ереуілшілер оларды "Өзенмұнайгаз" АҚ штатына жұмысқа орналастыруды талап етті.
 Өзенмұнайгаз АҚ басшылығы БерӘлі Маңғыстау Company ЖШС бұрынғы қызметкерлерімен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2023
"БерӘлі" қызметкерлері жұмысқа қатысты ұсыныстардан бас тартты – ҚазМұнайГаз
Жаңалықтар
0