Өңірлер

Жамбыл облысында сібір жарасын жұқтырған науқастың көз жұмғаны рас па

© Photoкөз жұмды
көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Үш адамның сібір жарасын жұқтыруына байланысты Жамбыл облысындағы Тамды ауылы 15 күнге карантинге жабылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Күні кеше әлеуметтік желіде осы аталған науқастардың бірі көз жұмғаны туралы хабарлама тарады.
Қазақстандықтар, әсіресе оңтүстік облыстың тұрғындары ауылдың карантинге жабылуына байланысты хабарламамен белсенді түрде бөлісіп жатыр. Әсіресе, шектеу енгізілген елді мекенмен іргелес жатқан Қаратау қаласына қатынайтын пойыз билеттерінің қайтарылуы, қауіпті дертке шалдығып, ауруханаға түскен науқастардың жағдайы туралы расталмаған ақпарат жиі тарап жатыр.
Осы орайда Sputnik Қазақстан Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарласып, ресми жауап алды.
"Сібір жарасын жұқтырған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, олар ауруханада ем алуды жалғастырып жатыр. Карантинге жабылған Тамды ауылында осы дертке шалдыққан адамдардың көз жұмғаны туралы да ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ", - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова.
Айта кету керек, екі аптадан аса уақытқа карантинге жабылған Тамды ауылына кіріп-шыққан көліктердің барлығы тексеріліп жатыр. Себебі елді мекеннен сүт пен ет өнімдерін алып шығуға тыйым салынған. Мұндай шаралар қабылданбаса, қауіпті дерттің таралу аймағы кеңею қаупі бар.
Мал, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Өңірлер
Қостанай облысында үш адам сібір жарасын жұқтырды
Жаңалықтар
0