Заңсыз криптовалюта айырбастаумен айналысқан кәсіпкер 94 млн теңге табыс тапқан

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСтеллажи с фермами для майнинга криптовалют.
Стеллажи с фермами для майнинга криптовалют. - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 маусым - Sputnik. 2019 жылдан бері криптовалюта айырбастаумен айналысқан алматылыққа айыппұл төлеу жазасы кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, бұл –цифрлық активтер айналымы саласындағы заңсыз кәсіпкерлік үшін шығарылған республикадағы алғашқы үкім.
"Алматы қаласының тұрғыны 2019-2022 жылдар аралығында криптовалюта айырбастаумен айналысып, сол арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді заңсыз айналымға шығарып, ірі көлемде табыс тапқан", - делінген қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.
Тергеу барысында алматылық кәсіпкердің интернет-ресурс арқылы тіркеусіз және қаржылық қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ бола тұра, түрлі криптовалюталарды сатып алу-сату қызметтерін көрсеткені анықталды.
"Крипто-әмиянға түскен қаражат көлемі 693 мың долларды немесе шамамен 310 миллион теңгені құрады, ал 2020-2021 жылдардағы жеке кәсіптің жалпы жылдық кірісі 94 млн теңгеге жуық соманы құрады", - деп атап өтті агенттік.
Сот жеке кәсіпкерді кінәлі деп танып, оған айыппұл төлеу жазасын кесті. Агенттік салынған айыппұл мөлшерін нақтылаған жоқ.
Биткоин - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2022
Экономика
Қазақстанда криптовалюта мен майнингті заңдастырады – негізгі талаптары қандай
Жаңалықтар
0