Экономика

"ҚазМұнайГаз" басшысы Ұлыбритания СІМ санкциялар басқармасының директорымен кездесті

© Photo"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі санкциялар жөніндегі басқармасының директоры Дэвид Ридпен кездесті
ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі санкциялар жөніндегі басқармасының директоры Дэвид Ридпен кездесті
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Жазылу
Мырзағалиев Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумы арқылы үздіксіз жеткізу мәселесін талқылады
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Лондонда "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі санкциялар жөніндегі басқармасының директоры Дэвид Ридпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.
Кездесу барысында мәселелердің кең ауқымы қаралды, соның ішінде КҚК мұнай құбыры арқылы Қазақстанның энергия көздерін жеткізу мәселесі де талқыланды.

"Әлемдегі геосаяси ахуал күрделенген кезде санкцияға байланысты тәуекелдер Қазақстан мұнайын, әсіресе КҚК құбыры арқылы үздіксіз жеткізуге кедергі болмауы аса маңызды. Бұл екі тарапқа да ортақ мүдде болғандықтан, осы секілді кездесуді сындарлы түрде өткізуіміз де маңызды", — деп мәлімдеді Мырзағалиев.

Сондай-ақ, ҚМГ басшысы Қазақстан сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің ұлыбританиялық серіктестермен тұрақты байланыс ұстаудағы ерекше рөлін атап өтті.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2023
Экономика
Министрлік Каспий құбыр консорциумында мұнай қабылдау неге тоқтатылғанын түсіндірді
Жаңалықтар
0