Қоғам

Қазақстандықтардың алғашқы легі 15 маусымда қажылыққа аттанады

© AFP 2024Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қажылардың алғашқы легі 15 маусымда жолға шығады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.
Қазақстандықтар Астана, Алматы, Түркістан, Ақтау қалаларынан ұшады.

"Биыл конкурстық негізде 18 туроператорға жалпы саны 4000 қажылық орны бөлінді. Қажылардың алғашқы легі 15 маусымда қасиетті сапарға аттанады", - делінген мүфтияттың ресми сайтында.

Қазақстандық қажыларды "Flynas" (Сауд Арабия Корольдігі), "Jazeera" (Кувейт), "Turkish Airlines" (Түркия) халықаралық әуе компаниялары тасымалдайды.
ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан қажылық миссиясы өкілдерінің міндетін нақтылап, бес парыздың бірі саналатын қажылыққа мұқият дайындық жасауды тапсырды.
Айта кетері, биыл Қазақстаннан Сауд Арабиясына қажылық парызын өтеуге 4 мың адам барады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2023
Дерекқор
Қажылық – 2023: қасиетті сапар туралы не білу керек
Жаңалықтар
0