https://sputnik.kz/20230613/qazaqstan-ekonomikasy-bes-ayda-45-ke-osti-35890781.html
Қазақстан экономикасы бес айда 4,5%-ке өсті
Қазақстан экономикасы бес айда 4,5%-ке өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Бес айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,5%-ке өсті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп... 13.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-13T09:48+0500
2023-06-13T09:48+0500
2023-06-13T09:48+0500
экономика
ұлттық экономика министрлігі
қазақстан
өсім
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Бес айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,5%-ке өсті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Негізгі капиталға салынған инвестициялар 17,2%-ке артқан.Министрдің айтуынша, 2023 жылғы қаңтар-сәуірде сыртқы сауда тауар айналымы 11,1%-ке өсіп, 44,4 млрд долларды құрады.Экспорт 25,5 млрд доллар болды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 7,5%-ке ұлғайып, 8 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 18,9 млрд долларды құрап отыр. Жалпы оң сауда балансы 6,6 млрд долларға тең.Қуантыров өңдеу өнеркәсібінде де оң өсім сақталып отырғанын атап өтті. Өндіріс көлемі 3,3%-ке өскен.Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі 31,9%-ке, оның ішінде автомобиль жасау – 40,8%-ке және электр жабдықтарын жасау 37,8%-ке ұлғайды.
https://sputnik.kz/20230608/toqaev-qazaqstan--shyn-maninde-senimdi-sauda-ekonomikalyq-seriktes-35744051.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық экономика министрлігі, қазақстан, өсім
ұлттық экономика министрлігі, қазақстан, өсім
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Бес айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,5%-ке өсті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, биыл былтырғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 4,5%-ке өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 3,6%, ал қызмет көрсету саласындағы өсім 4,9%-ті құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс саласы ең жоғары өсім көрсетті", - деді Қуантыров үкімет отырысында.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 17,2%-ке артқан.
Министрдің айтуынша, 2023 жылғы қаңтар-сәуірде сыртқы сауда тауар айналымы 11,1%-ке өсіп, 44,4 млрд долларды құрады.
Экспорт 25,5 млрд доллар болды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 7,5%-ке ұлғайып, 8 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 18,9 млрд долларды құрап отыр. Жалпы оң сауда балансы 6,6 млрд долларға тең.
Қуантыров өңдеу өнеркәсібінде де оң өсім сақталып отырғанын атап өтті. Өндіріс көлемі 3,3%-ке өскен.
Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі 31,9%-ке, оның ішінде автомобиль жасау – 40,8%-ке және электр жабдықтарын жасау 37,8%-ке ұлғайды.