Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж
Мәжіліс өмірінен бір күн: апта сайынғы отырыс қалай өтеді – фоторепортаж
Sputnik Қазақстан
SputnikҚазақстан дайындаған фоторепортаждан парламенттен сенсациялық жаңалықтарды дайындау барысы мен халық қалаулыларынан маңызды сұрақтарға жауап алуда... 13.06.2023, Sputnik Қазақстан
SputnikҚазақстан дайындаған фоторепортаждан парламенттен сенсациялық жаңалықтарды дайындау барысы мен халық қалаулыларынан маңызды сұрақтарға жауап алуда кездесетін қиындықтар туралы тамашалай аласыздар.Қазақстан мәжілісінің сегізінші шақырылымы бұрынғыдан өзгерек. Депутаттардың алдында Жаңа Қазақстан іргетасын қалау және әділетті қоғам құру міндеті тұр. Бірақ әділдік дегенді әрбір қазақстандық әртүрлі түсінеді. Сондықтан бұл істе депутаттар көп күш-жігер жұмсайтыны белгілі.Sputnik Қазақстан тілшісі "Күлтөбенің басында күнде жиын" сипатында өтетін әр сәрсенбідегі мәжілістің пленарлық отырысында және ол жиыннан тыс болатын қызықтар туралы әңгімелейді.
SputnikҚазақстан дайындаған фоторепортаждан парламенттен сенсациялық жаңалықтарды дайындау барысы мен халық қалаулыларынан маңызды сұрақтарға жауап алуда кездесетін қиындықтар туралы тамашалай аласыздар.
Қазақстан мәжілісінің сегізінші шақырылымы бұрынғыдан өзгерек. Депутаттардың алдында Жаңа Қазақстан іргетасын қалау және әділетті қоғам құру міндеті тұр. Бірақ әділдік дегенді әрбір қазақстандық әртүрлі түсінеді. Сондықтан бұл істе депутаттар көп күш-жігер жұмсайтыны белгілі.
Sputnik Қазақстан тілшісі "Күлтөбенің басында күнде жиын" сипатында өтетін әр сәрсенбідегі мәжілістің пленарлық отырысында және ол жиыннан тыс болатын қызықтар туралы әңгімелейді.
Маусым. Астанада таңертеңнен-ақ күн қызып тұр. Мәжілісте де қайнаған қызу тіршілік. Депутаттар жақын уақытта демалысқа кетеді. Бірақ оған дейін халық қалаулыларына біраз тер төгу керек боп тұр.
Депутаттар үшін жазғы аптап ыстық қорқынышты емес. Олар жұмысқа таңғы сағат 9-да қызметтік көлікпен жетеді, ал парламент ғимаратында желдеткіштер үздіксіз жұмыс істейді.
Бірақ кейбір депутаттар жұмысқа жаяу келгенді жөн көреді. Солардың бірі – Унзила Шапак. Ол жақын маңайда тұрады, сондықтан қарбалас жұмыс күнінің қарсаңында біраз жер жаяу серуендеуді дұрыс деп санайды.
Мәжіліс отырысы басталғанға дейін журналистер спикерлерге сауал қоя бастайды. Елде болып жатқан түрлі оқиғаларға қатысты халық өзекті мәселелердің жауабын білгісі келеді. Сондықтан парламент ғимаратына кіреберісте-ақ журналистер мәжілісмендер мен министрлерден блиц-сұхбат алып үлгереді.
Ғимарат есіктері ашылғанға дейін мұнда қызу дайындық жүріп жатады. Халық қалаулылары еркін тыныстап, алаңсыз жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасалуы керек.
Техниканың ақаусыз жұмыс істеуіне "көзге көрінбейтін" парламенттік жүйелік әкімшілер мен "айтишниктер" жауапты. Мәжілістің бұл қызметкерлері әдетте назардан тыс қалып қояды. Бірақ олардың қатысуынсыз бірде-бір маңызды жиын өтпейді. Олар аппаратураның, микрофондар мен залдағы басқа да жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды.
Бұл – мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың жұмыс үстелі. Яғни, депутат жұмыс орнына келіп, ашық түсті былғарымен қапталған жұмсақ креслоға жайғасқанға дейінгі жұмыс орнының көрінісі.
Міне, министрлер кабинетінің мүшелері де келді. Олар парламент ғимаратына жиі келеді. Себебі олар заң жобаларын таныстырып, атқарылған жұмыстар туралы есеп береді.
Мәжілісмендер бір-біріне жылы шырай танытып, әріптестеріне қамқорлық танытады. Суретте: Асқар Садықов әріптесі Ғалымжан Елеуовтың депутат төсбелгісін түзетіп жатыр.
Мысалы, депутат Самат Нұртаза халық қалаулыларының күрделі күн тәртібі туралы сезімге толы жазба жариялап, өз постында депутаттарды зебраларға, ал журналистерді су жағасында зебраларға тап беретін қолтырауындарға теңеді. Бірақ мәжілісмен сол күні жазбасын өшіріп, журналистерден кешірім сұрады.
Спикерлердің соңына түсіп, әр сауалға жауап іздейтін БАҚ өкілдерінің жұмысы да оңай емес. Бірақ қызметтік міндет қоғамды мазалайтын мәселелер бойынша ақпарат табуды, жауап алуды қамтиды. Суретте: қаржы министрі Ерулан Жамаубаев БАҚ өкілдерінің ортасында тұр.
Бұл уақытта отырыс залына кіріп-шығуға болмайды. Бүл есіктің арғы жағында заң жобалары талқыланады, депутаттар халықты толғандырған мәселелерді көтереді. Заң шығару мемлекет дамуы мен оның болашақтағы өркендеуі үшін қажет.
Қызу талқылаудан кейін халық қалаулылары электронды дауыс беру арқылы кворум қабылдайды. Кейде бір мәмілеге келу қиын болады. Мұндай сәттерде залда пікірталас қызу жүреді.
Синхронды аудармашы залдағылардың жұмысын жеңілдететіндер қатарында. Оның дауысын барлығы естігенімен, оны ешкім көрмейді. Sputnik Қазақстан тілшісі аудармашы жұмыс істейтін "құпия орынды" суретке түсіріп үлгерді.
Тезірек ізін суытуға тырысып, қашып бара жатқан спикерлерді кейде журналистер қуып жетеді. Суретте: депутат Ермұрат Бәпи БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп тұр.
Мәжілісмендердің отырысы аяқталып, олар емін-еркін түстенуге аттанса, журналистер үшін бұл кезде жұмыс қызады. Олар жаңалықты жылдам жазып, түзетіп, жариялау керек.