Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Карантинге жабылған ауыл: Тамдыда жағдай қазір қандай - фото

Жазылу
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 13 маусым – Sputnik. Үш адамның сібір жарасын жұқтыруына байланысты Жамбыл облысындағы Тамды ауылы 15 күнге карантинге жабылған болатын. Sputnik Қазақстан тілшісі шектеу енгізілген ауылға барып, ондағы қазіргі ахуалды біліп қайтты.
© Ақмарал Шағатай

Тамды ауылы Талас ауданының әкімшілік орталығы саналатын Қаратау қаласына жақын орналасқан. Ауылға кіреберісте бақылау бекеті орнатылған.

Тамды ауылы Талас ауданының әкімшілік орталығы саналатын Қаратау қаласына жақын орналасқан. Ауылға кіреберісте бақылау бекеті орнатылған. - Sputnik Қазақстан
1/8

Тамды ауылы Талас ауданының әкімшілік орталығы саналатын Қаратау қаласына жақын орналасқан. Ауылға кіреберісте бақылау бекеті орнатылған.

© Ақмарал Шағатай

Елді мекенге кіріп-шыққан әр көліктің іші, жүк салатын бөлігі мұқият тексеріліп жатыр. Себебі ауылдан сүт пен ет өнімдерін алып шығуға тыйым салынған.

Елді мекенге кіріп-шыққан әр көліктің іші, жүк салатын бөлігі мұқият тексеріліп жатыр. Себебі ауылдан сүт пен ет өнімдерін алып шығуға тыйым салынған. - Sputnik Қазақстан
2/8

Елді мекенге кіріп-шыққан әр көліктің іші, жүк салатын бөлігі мұқият тексеріліп жатыр. Себебі ауылдан сүт пен ет өнімдерін алып шығуға тыйым салынған.

© Ақмарал Шағатай

Бақылау бекетіндегі мамандар кіріп-шыққан көліктің мемлекеттік нөмірін де тіркеп жатыр. Мұндай шаралар қауіпсіздік мақсатында қабылданып отырғанын жүргізушілер де түсінеді. Сондықтан көлік ішін тексеруге ешкім қарсылық көрсетіп жатқан жоқ.

Бақылау бекетіндегі мамандар кіріп-шыққан көліктің мемлекеттік нөмірін де тіркеп жатыр. Мұндай шаралар қауіпсіздік мақсатында қабылданып отырғанын жүргізушілер де түсінеді. Сондықтан көлік ішін тексеруге ешкім қарсылық көрсетіп жатқан жоқ. - Sputnik Қазақстан
3/8

Бақылау бекетіндегі мамандар кіріп-шыққан көліктің мемлекеттік нөмірін де тіркеп жатыр. Мұндай шаралар қауіпсіздік мақсатында қабылданып отырғанын жүргізушілер де түсінеді. Сондықтан көлік ішін тексеруге ешкім қарсылық көрсетіп жатқан жоқ.

© Ақмарал Шағатай

"31 мамырда ауылда сібір жарасының анықталуына байланысты бақылау бекеті орнатылды. Себебі, ауылдан ет пен сүт өнімдерін алып шығуға, сондай-ақ малды кіргізуге-шығаруға тыйым салынған. Дертті жұқтырған үш азаматтың да жағдайы жақсы, олар осы аптада ауруханадан шығуы керек. Әлеуметтік желідегі түрлі дүрлікпе әңгімелерге сенбеулеріңізді сұраймын. Біздің ауылда сібір дарасынан адам өлімі тіркелген жоқ", - дейді Тамды ауылдық округінің әкімі Рауан Асқаров.

"31 мамырда ауылда сібір жарасының анықталуына байланысты бақылау бекеті орнатылды. Себебі, ауылдан ет пен сүт өнімдерін алып шығуға, сондай-ақ малды кіргізуге-шығаруға тыйым салынған. Дертті жұқтырған үш азаматтың да жағдайы жақсы, олар осы аптада ауруханадан шығуы керек. Әлеуметтік желідегі түрлі дүрлікпе әңгімелерге сенбеулеріңізді сұраймын. Біздің ауылда сібір дарасынан адам өлімі тіркелген жоқ", - дейді Тамды ауылдық округінің әкімі Рауан Асқаров. - Sputnik Қазақстан
4/8

"31 мамырда ауылда сібір жарасының анықталуына байланысты бақылау бекеті орнатылды. Себебі, ауылдан ет пен сүт өнімдерін алып шығуға, сондай-ақ малды кіргізуге-шығаруға тыйым салынған. Дертті жұқтырған үш азаматтың да жағдайы жақсы, олар осы аптада ауруханадан шығуы керек. Әлеуметтік желідегі түрлі дүрлікпе әңгімелерге сенбеулеріңізді сұраймын. Біздің ауылда сібір дарасынан адам өлімі тіркелген жоқ", - дейді Тамды ауылдық округінің әкімі Рауан Асқаров.

© Ақмарал Шағатай

Ауылды екі аптадан аса уақытқа карантинге жабуға себеп болған ауру осы үйден анықталған. Яғни ірі қараны сою кезінде жастары 50-ден асқан үш азамат сібір жарасын жұқтырған. "Бүгін ауылдағы малды өріске жібермедік. Барлық малға екпе жасалып жатыр. Аурудың жаңа фактісі тіркелген жоқ", - дейді ауылдық округ әкімі.

Ауылды екі аптадан аса уақытқа карантинге жабуға себеп болған ауру осы үйден анықталған. Яғни ірі қараны сою кезінде жастары 50-ден асқан үш азамат сібір жарасын жұқтырған.   "Бүгін ауылдағы малды өріске жібермедік. Барлық малға екпе жасалып жатыр. Аурудың жаңа фактісі тіркелген жоқ", - дейді ауылдық округ әкімі. - Sputnik Қазақстан
5/8

Ауылды екі аптадан аса уақытқа карантинге жабуға себеп болған ауру осы үйден анықталған. Яғни ірі қараны сою кезінде жастары 50-ден асқан үш азамат сібір жарасын жұқтырған. "Бүгін ауылдағы малды өріске жібермедік. Барлық малға екпе жасалып жатыр. Аурудың жаңа фактісі тіркелген жоқ", - дейді ауылдық округ әкімі.

© Ақмарал Шағатай

Оның айтуынша, 23 күні мал сойған азаматтардың қолдарына бір аптадан кейін жара шыққан. Жергілікті ауруханаға шағыммен келген олардан тиісті сынама алынған. Нәтижесінде, сібір жарасы анықталып, олар ауруханаға жатқызылған.

Оның айтуынша, 23 күні мал сойған азаматтардың қолдарына бір аптадан кейін жара шыққан. Жергілікті ауруханаға шағыммен келген олардан тиісті сынама алынған. Нәтижесінде, сібір жарасы анықталып, олар ауруханаға жатқызылған. - Sputnik Қазақстан
6/8

Оның айтуынша, 23 күні мал сойған азаматтардың қолдарына бір аптадан кейін жара шыққан. Жергілікті ауруханаға шағыммен келген олардан тиісті сынама алынған. Нәтижесінде, сібір жарасы анықталып, олар ауруханаға жатқызылған.

© Ақмарал Шағатай

Бүгінде ауылдың тыныс-тіршілігінде қолайсыздық тудыратын қандай да бір шектеулер байқалмайды. Мұндағы жұрт қалыпты тірлігін жасап, өз шаруасымен айналысып жатыр. Мыңнан астам тұрғыны бар ауыл көшелерінде бос жүрген ірі қараны да кездестіруге болады.

Бүгінде ауылдың тыныс-тіршілігінде қолайсыздық тудыратын қандай да бір шектеулер байқалмайды. Мұндағы жұрт қалыпты тірлігін жасап, өз шаруасымен айналысып жатыр.   Мыңнан астам тұрғыны бар ауыл көшелерінде бос жүрген ірі қараны да кездестіруге болады. - Sputnik Қазақстан
7/8

Бүгінде ауылдың тыныс-тіршілігінде қолайсыздық тудыратын қандай да бір шектеулер байқалмайды. Мұндағы жұрт қалыпты тірлігін жасап, өз шаруасымен айналысып жатыр. Мыңнан астам тұрғыны бар ауыл көшелерінде бос жүрген ірі қараны да кездестіруге болады.

© Ақмарал Шағатай

Ауру жұқтырған адамдардың туыстарынан да тиісті талдаулар алынған. Әкімнің айтуынша, олардан ауру белгілері анықталған жоқ. Дегенмен, қан арқылы берілетін дерттің жұққан кейінгі қозу уақыты екі аптаны құрайды. Егер осы уақыт ішінде сібір жарасының жаңа фактілері анықталмаса, ауыл кіреберісіндегі бекетті алып тастап, жергілікті тұрғындар ет пен сүт өнімдерін көрші ауыл-аймаққа саудалауын қайта жалғастыра алады.

Ауру жұқтырған адамдардың туыстарынан да тиісті талдаулар алынған. Әкімнің айтуынша, олардан ауру белгілері анықталған жоқ. Дегенмен, қан арқылы берілетін дерттің жұққан кейінгі қозу уақыты екі аптаны құрайды. Егер осы уақыт ішінде сібір жарасының жаңа фактілері анықталмаса, ауыл кіреберісіндегі бекетті алып тастап, жергілікті тұрғындар ет пен сүт өнімдерін көрші ауыл-аймаққа саудалауын қайта жалғастыра алады. - Sputnik Қазақстан
8/8

Жаңалықтар
0