Елдің 15 өңірінде өрт қаупі жоғары - Қазгидромет

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуГорение сухой травы
Горение сухой травы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қазгидромет елдің 15 өңірінде өрт қаупі сақталатынын хабарлады.
Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жоғары қысымды өрістің әсерінен елдің басым бөлігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынды болады.
"Оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста, шығыста, қиыр батыста, күндіз елдің орталығында фронтальды бөлімдердердің өтуімен, найзағаймен өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында шаңды дауыл, солтүстігінде тұман сақталады", - делінген хабарламада.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысвның шөлді аудандарында қатты ыстық күтілуде.
Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.
Пожар в Абайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Абай облысындағы орман өрті
Скляр Абай облысындағы алапат өрт туралы: жағдайды жете бағаламаған
Жаңалықтар
0