Өңірлер

Абай облысында жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды

© Photo : Пресс-служба ДП Абайской области Қаза тапқан ауыл тұрғынының тракторы
Қаза тапқан ауыл тұрғынының тракторы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Абай облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен ауыл тұрғыны Сергей Архиповтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның ақпаратынша, Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Архипов 10 маусым күні хабар-ошарсыз кеткен.
Үш күнге созылған іздеу жұмыстары барысында Архиповтың денесі өрт сөндіру орнынан 50 шақырым жерде табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
"Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылды. Ол Абай облысы полиция департаменті кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрді", - дейді тәртіп сақшылары.
Сот-медициналық сараптама жасалады, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге де деректері жария етілмейді.
Бұған дейін Абай облысында отқа оранған орман алқабында 1987 жылғы Сергей Архиповтың жоғалып кеткені хабарланған болатын. Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны трактормен өрт сөндіруге шыққан. Соңғы рет 10 маусымда байланысқа шығып, өртті сөндіруге көмектесіп жатқанын айтқан. 12 маусымда полицейлер Архиповтың тракторын тапты.
Еске салсақ, Абай облысында орман өртінен қаза тапқандар саны 15 адамға жетті.
Абай облысында жоғалып кеткен орманшының тракторы өрт аймағынан табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Абай облысында өрт кезінде жоғалған тұрғынның тракторы табылды
Жаңалықтар
0