Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейі көтерілді

© Photo : МЧС КазахстанаПропажа туристов в Туркестанской области. Найдено еще одно тело
Пропажа туристов в Туркестанской области. Найдено еще одно тело - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. Қардың қарқынды еруі мен аптап ыстықтан Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды "Хабар 24".
Салдарынан өзен ернеуінен асып, көшелерге жайылды. Синоптиктердің болжауынша, қалада аптап ыстық алдағы күндері де сақталады. Ағынның тасу қаупі жоғары. Сол себепті мамандар тұрғындарға өзен арнасынан алыс жүруді ескертеді. Үлкен Алматыға су Қаскелең өзенінен келеді.
Күнделікті кешкі 6-дан түн ортасына дейін су деңгейі көтеріледі.
"Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі мореналық көлдердің еруімен байланысты емес. Қазіргі уақытта көлдер қысқы режимнен шығып, мұзбен жабылған. Осыған байланысты қала халқы мен инфрақұрылымына қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай Алматы қаласы ТЖ және Қазселденқорғау департаментінің тұрақты бақылауында", - қалалық ТЖД басқарма бастығының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Алдоңғаров.
Жаңалықтар
0