Оқиға

Талдықорғанда өзеннен білім бөлімі экс-басшысының мәйіті табылды

© Photo : Қазақстанның қорғаныс министрлігімәйіті табылды
мәйіті табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 маусым - Sputnik. Талдықорған қаласы білім бөлімі экс-басшысы Роза Барманованың мәйіті Қаратал өзенінен табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жетісу облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мүрде 11 маусым сағат кешкі 20:00 шамасында табылған.

"Қаратал өзенінің маңында әйел адамның мәйіті табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері болған жоқ. Бұл факт қалалық полицияда ресми түрде тіркелді. Сот-медициналық сараптама жасалып, өлімнің себебі анықталатын болады", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал марқұмның білім бөлімінің экс-басшысы Роза Барманова екенін облыстық білім басқармасының басшылығы растап отыр.
"Марқұм Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы болып екі жыл көлемінде қызмет атқарғаны рас. Қазір бізде жұмыс істемейді. 2013 жылдан бері Талдықорған қаласының білім бөлімінде қызмет атқарған. 2021жылдың қаңтар айынан бастап осы бөлімнің басшысы болды. 2022 жылдың 1 қыркүйекте өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазып, қызметінен кеткен болатын", - деді Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Башаров.
Вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2023
Солтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Жаңалықтар
0