Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін омбудсмен пайда болды – өкім

© Sputnik / Болат ШайхиновВице-министр труда и социальной защиты населения Светлана Жакупова
Вице-министр труда и социальной защиты населения Светлана Жакупова - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет жаңа омбудсмен тағайындалды. Тиісті құжатқа республика президенті қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Светлана Жақыпованың өмірбаяны

Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл 1968 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген.

Білімі

Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты (1991);
Алматы экономика және статистика академиясы (2006).

Еңбек жолы

Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі (1984-1986);
№ 16 орта мектебінде, № 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі (1991-1995);
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы (1997-1998);
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары (1998-2001);
"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры (2001-2008);
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры (2008-2011);
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы (2011-2013);
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (19.08.2013-08.2014);
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2017-2019);
Қазақстан Республикасы президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл (12.06.2023 жылдан бастап).
Динара Зәкиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Жаңалықтар
0