https://sputnik.kz/20230612/ort-evakuatsiya-tulekter-emtikhan-semey-35876138.html
Өрт ошағына жақын ауылдардан эвакуацияланған түлектер емтиханды Семейде тапсырады
Өрт ошағына жақын ауылдардан эвакуацияланған түлектер емтиханды Семейде тапсырады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Абай облысында эвакуацияланған 9, 11 сынып түлектері мектеп бітіру емтихандарын Семей қаласында тапсырады. Бұл туралы оқу-ағарту... 12.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-12T15:44+0500
2023-06-12T15:44+0500
2023-06-12T15:44+0500
өңірлер
абай облысы
түлектер
емтихан
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0d/14460525_445:119:2991:1551_1920x0_80_0_0_fe7c2a4032d58e5512300b2bd141d8f7.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Абай облысында эвакуацияланған 9, 11 сынып түлектері мектеп бітіру емтихандарын Семей қаласында тапсырады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлады.Министр Абай облысында алапат өрттен қаза болған орманшылардың отбасына қайғырып көңіл айтты.Оның ақпаратынша, өңірде қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар. Олар отбасыларымен бірге Семейдегі екі колледж ғимаратына орналастырылған.Сондай-ақ апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары жаңа оқу жылында білім алуын еш кедергісіз жалғастыруы үшін мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылады, деп сендірді ведомство басшысы."Балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің үнемі бақылауында", - деді министр.Бұдан бөлек, Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуына барлық жағдайды ұйымдастыру тапсырылды.Бұған дейін Абай облысының әкімдігі Семей қаласының үш эвакуациялық пунктінде 150-ге жуық адам, соның ішінде Талица, Половинки, Бұлақ ауылының тұрғындары орналасқанын хабарлаған болатын.
https://sputnik.kz/20230612/abay-oblysyndagy-ort-qazirgi-akhual-qanday-35873369.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0d/14460525_816:0:2890:1555_1920x0_80_0_0_32e7137af98fbe1a709b7dc4089df2e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, түлектер, емтихан
абай облысы, түлектер, емтихан
Өрт ошағына жақын ауылдардан эвакуацияланған түлектер емтиханды Семейде тапсырады
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Абай облысында эвакуацияланған 9, 11 сынып түлектері мектеп бітіру емтихандарын Семей қаласында тапсырады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлады.
Министр Абай облысында алапат өрттен қаза болған орманшылардың отбасына қайғырып көңіл айтты.
Оның ақпаратынша, өңірде қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар. Олар отбасыларымен бірге Семейдегі екі колледж ғимаратына орналастырылған.
"Эвакуацияланған 9,11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды кедергісіз тапсыруы үшін барлық жағдай жасалып жатыр — мектеп бітіру емтихандары Семей қаласында ұйымдастырылады", - деп жазды Бейсембаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары жаңа оқу жылында білім алуын еш кедергісіз жалғастыруы үшін мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылады, деп сендірді ведомство басшысы.
"Балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің үнемі бақылауында", - деді министр.
Бұдан бөлек, Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуына барлық жағдайды ұйымдастыру тапсырылды.
Бұған дейін Абай облысының әкімдігі Семей қаласының үш эвакуациялық пунктінде 150-ге жуық адам, соның ішінде Талица, Половинки, Бұлақ ауылының тұрғындары орналасқанын хабарлаған болатын.