Маңғыстауда жүк пойызы мен көлік соқтығысты

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуПоезд едет по железнодорожному мосту Байкало-Амурской магистрали, архивное фото
Поезд едет по железнодорожному мосту Байкало-Амурской магистрали, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында жүк пойызы мен автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға темір жол өткелінде болған. Салдарынан екі адам зардап шекті.
"Қайғылы жағдай 8 маусымда сағат 16:54 шамасында Мұнайлы ауданындағы теміржол өткелінде болды. "Лада-15" автокөлігінің жүргізушісі пойызға жол бермей, соқтығысқан. Жол апаты салдарынан зардап шеккен екі адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді", - деді ведомстводағылар.
Полицияның мәліметінше, "Лада-15" жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Жаңалықтар
0