Қоғам

FlyArystan Астана – Ақтөбе рейсін 10 сағатқа шегерді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Жазылу
Кесте бойынша борт сағат 12.10-да ұшып шығуға тиіс болған, бірақ оны 22.40-қа ауыстырды
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Астана – Ақтөбе рейсі 10,5 сағатқа кешігеді, деп хабарлайды FlyArystan әуе компаниясы.
"12.06.2023 күні орындалатын КC7391 Астана – Ақтөбе рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіктіріледі. Рейс Астана уақытымен 12 маусым сағат 22:40-та ұшады деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Тиісінше КС7392 Ақтөбе – Астана рейсі 13 маусым Ақтөбе уақытымен сағат 00:00-ге шегерілді.
FlyArystan жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрады.
Әуе тасымалдаушысы рейстердің нақты ұшу уақытын сайттан тексеруге кеңес берді.
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2023
Астана - Ташкент бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
Жаңалықтар
0