https://sputnik.kz/20230612/abay-oblysyndagy-ort-evakuatsiyalangan-turgyndary-ozderinin-zhagdayy-turaly-aytyp-berdi-35849470.html
Абай облысындағы өрт: эвакуацияланған тұрғындар өздерінің жағдайы туралы айтып берді
Абай облысындағы өрт: эвакуацияланған тұрғындар өздерінің жағдайы туралы айтып берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Абай облысы Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары өздерінің жағдайы туралы айтып берді. 12.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-12T09:46+0500
2023-06-12T09:46+0500
2023-09-15T10:46+0500
семей
өрт
абай облысындағы орман өрті
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0c/35848873_0:161:661:533_1920x0_80_0_0_df199c8e0016aa1d7e2a8a6cd918029e.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Абай облысы Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары өздерінің жағдайы туралы айтып берді. Бұлақ ауылынан Семей қаласына эвакуацияланған ауыл тұрғындары өздерін жақсы сезінеді. Тұрғындар азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, табиғи апат аймағында қалған адамдар өрт болған жерде әкімдік еріктілермен бірлесіп тұрғындарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсететінін айтты.Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде орман өртінің қалың түтініне байланысты Семей қаласына қарасты Бұлақ ауылының 80-ге жуық тұрғыны эвакуацияланды. Адамдар эвакуациялық пункттерге орналастырылып, азық-түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілді.Бүгінгі таңда Семей қаласының үш эвакуациялық пунктінде 150-ге жуық адам, Талица, Половинки, Бұлақ ауылының тұрғындары орналасқан. Бұрын хабарланғандай, қалада 9 эвакуациялық пункт жабдықталған, олар қажет болған жағдайда 800-ге жуық адамды қабылдауға дайын.
https://sputnik.kz/20230612/abay-oblysyndagy-orman-orti-boyynsha-qylmystyq-is-qozgaldy---bas-prokuratura-35845923.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0c/35848873_59:0:770:533_1920x0_80_0_0_b61579a77fea4a5fb115a53820312e9f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, өрт
Абай облысындағы өрт: эвакуацияланған тұрғындар өздерінің жағдайы туралы айтып берді
09:46 12.06.2023 (жаңартылды: 10:46 15.09.2023) АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Абай облысы Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары өздерінің жағдайы туралы айтып берді.
Бұлақ ауылынан Семей қаласына эвакуацияланған ауыл тұрғындары өздерін жақсы сезінеді. Тұрғындар азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, табиғи апат аймағында қалған адамдар өрт болған жерде әкімдік еріктілермен бірлесіп тұрғындарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсететінін айтты.
"Кеше қатты түтін шығып, әкімдік ТЖ қызметкерлерімен бірге бізді эвакуациялады. Эвакуация жақсы өтті, бізді автобуспен Семей қаласына жеткізді. Мұнда бізге өрт аяқталғанша күту үшін қажет нәрсенің бәрі бар", - деді Жиенгүл Құрмашова.
Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде орман өртінің қалың түтініне байланысты Семей қаласына қарасты Бұлақ ауылының 80-ге жуық тұрғыны эвакуацияланды. Адамдар эвакуациялық пункттерге орналастырылып, азық-түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілді.
Бүгінгі таңда Семей қаласының үш эвакуациялық пунктінде 150-ге жуық адам, Талица, Половинки, Бұлақ ауылының тұрғындары орналасқан. Бұрын хабарланғандай, қалада 9 эвакуациялық пункт жабдықталған, олар қажет болған жағдайда 800-ге жуық адамды қабылдауға дайын.