Өңірлер

Қарағандыда үш ер адам зообақтағы арыстандарды 6 млн теңгеге сатып жібермек болған

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қарағандыда хайуанаттар бағындағы арыстанның күшіктерін заңсыз сатпақ болған үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды полициясына қаладағы хайуанаттар бағында жабайы аңдарды заңсыз сату фактісі болғаны туралы хабар түсті.
Облыстың криминалдық полиция қызметкерлері зообақтан тыс жерде арыстандарды сатып жатқан 22, 37 және 44 жастағы үш ер адамды ұстады. Олар арыстанның екі күшігін 6 млн теңгеге сатпақ болған.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 339-бабы "сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз қарым-қатынас жасау" бойынша тіркелді.
Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Жолбарыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2022
Қоғам
Жолбарысты ызаландырып, адамдарға тіл тигізген: Алматы зообағында екі жігіт ұсталды
Жаңалықтар
0