https://sputnik.kz/20230610/qyzylorda-oblysynda-basshy-qaramagyndagylardy-mazhburlep-uyin-saldyrtqan-35828079.html
Қызылорда облысында басшы қарамағындағыларды мәжбүрлеп үйін салдыртқан
Қызылорда облысында басшы қарамағындағыларды мәжбүрлеп үйін салдыртқан
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 маусым - Sputnik. Байқоңырдан 250 шақырым жерде орналасқан Талсуат кентінде жергілікті кәсіпорындардың бірінің бастығы қарамағандыларға үй салдырған. 10.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-10T19:57+0500
2023-06-10T19:57+0500
2023-08-11T11:32+0500
байқоңыр
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/14/15245379_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_d66bdc7196fdbd2f754469e688ad9721.jpg
АСТАНА, 9 маусым - Sputnik. Байқоңырдан 250 шақырым жерде орналасқан Талсуат кентінде жергілікті кәсіпорындардың бірінің бастығы қарамағандыларға үй салдырған. "2019-2021 жылдар аралығында басшы жекеменшік үйін өзінің қоластында жұмыс істейтін мамандарға мәжбүрлеп салдырған және ол нысанды абаттандырған. Қоластындағы жұмысшыларды қызметтік проблемаға тап болатындарын айтып, қорқытқан ", - деп хабарлады Байқоңыр прокуратурасы.Кәсіпорынның 59 жастағы бөлім басшының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Айта кетері, ол мекеменің кадр жөніндегі бөліміне жалған диплом ұсынған. Қазақстандық қылмыстық заңнамада қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп, төрт жыл бас бостандығынан айыру, ал жалған құжатты пайдаланғаны үшін қырық тәулік қамауға алу түрінде жаза көзделген.
байқоңыр
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/14/15245379_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_9c34dcd5e9b420b8bc6875708cbb8661.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
байқоңыр, прокуратура
Қызылорда облысында басшы қарамағындағыларды мәжбүрлеп үйін салдыртқан
19:57 10.06.2023 (жаңартылды: 11:32 11.08.2023) АСТАНА, 9 маусым - Sputnik. Байқоңырдан 250 шақырым жерде орналасқан Талсуат кентінде жергілікті кәсіпорындардың бірінің бастығы қарамағандыларға үй салдырған.
"2019-2021 жылдар аралығында басшы жекеменшік үйін өзінің қоластында жұмыс істейтін мамандарға мәжбүрлеп салдырған және ол нысанды абаттандырған. Қоластындағы жұмысшыларды қызметтік проблемаға тап болатындарын айтып, қорқытқан ", - деп хабарлады Байқоңыр прокуратурасы.
Кәсіпорынның 59 жастағы бөлім басшының үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетері, ол мекеменің кадр жөніндегі бөліміне жалған диплом ұсынған.
"Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматы болуына байланысты оған қатысты қылмыстық іс одан әрі қылмыстық тергеу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді", - дейді "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасындағылар.
Қазақстандық қылмыстық заңнамада қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп, төрт жыл бас бостандығынан айыру, ал жалған құжатты пайдаланғаны үшін қырық тәулік қамауға алу түрінде жаза көзделген.